Иран Ислам Республикасының Сыртқы iстер министрi Камаль Харразидiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 124-ө өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасының арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және Иран Ислам Республикасының Сыртқы iстер министрi Камаль Харразидiң 2003 жылғы 11-12 маусымдағы Қазақстан Республикасына ресми сапарын Астана қаласында дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
      Иран Ислам Республикасының Сыртқы iстер министрi Камаль Харразидiң 2003 жылғы 11-12 маусымдағы Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) Астана қаласында дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн;
      сапарды өткiзуге, соның iшiнде иран делегациясы мүшелерiнiң қонақ үйде тұруына және тамақтануына 2003 жылға арналған республикалық бюджетте 042 "Өкiлдiк шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебiнен 675200 (алты жүз жетпiс бес мың екi жүз) теңге сомасында қаражат бөлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Ic Басқармасы (келiсiм бойынша) қосымшаға сәйкес Иран Ислам Республикасы ресми делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Иран Ислам Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп Иран Ислам Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстiнен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      6. Астана қаласының әкiмi Иран Ислам Республикасының ресми делегациясын күтiп алу мен шығарып салу, Астана қаласының әуежайын безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.

      7. Қазақстан Республикасының Республикалық Ұланы (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң атынан берiлетiн ресми қонақасындағы концерттiк бағдарламаны қамтамасыз етсiн.

      8. Осы өкiмнiң iске асырылуы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрiнiң   
2003 жылғы 11 маусымдағы 
N 124 өкiмiне       
қосымша       

Иран Ислам Республикасы ресми делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру шаралары

      1. Иран Ислам Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн (1+4 схемасы бойынша) Астана қаласында "Окан Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйiне орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiк қызметiн көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiн "Окан Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйiне орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсаттамалар) дайындау.
      4. Иран Ислам Республикасының ресми делегациясына Астана қаласының әуежайында VІP-залы арқылы қызмет көрсетудi ұйымдастыру (шай дастарханы).
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң атынан Иран Ислам Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң құрметiне ресми қабылдау өткiзу үшiн залды броньдау.
      6. Иран Ислам Республикасы ресми делегациясының мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады