1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрiнiң орынбасарлары және Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы арасында мiндеттердi бөлу бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2002 жылғы 2 қыркүйектегi N 132 өкiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2003 жылғы 17 маусымдағы
N 129 өкiмiмен
бекітiлген
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрiнiң орынбасарлары және
Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы арасында
міндеттерді бөлу
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Д.К.Ахметов
Үкiметтiң қызметiне басшылық жасау.
Қазақстан Республикасының Президентiмен, сондай-ақ Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да конституциялық органдармен қатынастарда Үкiметтiң атынан өкiлдiк ету.
Мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелерi.
Үкiметтiң заң шығару қызметiн үйлестiру.
Қорғаныс, құқық тәртiбi, мемлекеттiк материалдық резервтер мәселелерi.
Республикалық бюджет комиссиясының және Экономикалық саясат жөнiндегi кеңестiң жұмысына басшылық жасау.
Мұнай-газ секторын дамыту мәселелерi.
Үкiметтiң кадр мәселелерi.
Сыртқы iстер министрлiгiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Әдiлет министрлiгiнiң, Қаржы полициясы агенттiгiнiң, Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi агенттiктiң қызметiн жалпы бақылау.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
А.С.Павлов
Экономиканы жедел басқару, өңiрлiк саясат, төтенше жағдайлар мәселелерi.
Экономикалық жоспарлау және даму, қаржы, салық және тариф саясаты, бюджетаралық қатынастарды жетілдiру мәселелерi.
Үкiметтiң Ұлттық Банкпен, халықаралық қаржы және экономика ұйымдарымен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
Қазақстанның Даму Банкiнiң қызметiн үйлестiру.
Мемлекеттiк органдардың әлеуметтiк саланы дамыту, бiлiм беру, ғылым, мәдениет, ұлтаралық қатынастар, денсаулық сақтау, спорт пен туризм мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру.
Әлеуметтiк әрiптестiк мәселелерi.
Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң, Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң, Денсаулық сақтау министрлiгiнiң, Статистика жөнiндегi агенттiктiң, Кедендiк бақылау агенттiгiнiң, Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiктiң, Туризм және спорт жөнiндегi агенттiктiң, Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiктiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары
С.М.Мыңбаев
Инвестициялық саясат, экспорттық бақылау және жұмылдыру жұмысының, Қазақстанның Дүниежүзiлiк caудa ұйымына енуi мәселелерi.
Мемлекеттiк органдардың өндiрiстiк саланы, инфрақұрылым мен жаңа технологияларды (өнеркәсiп, энергетика секторы, құрылыс, көлiк пен коммуникациялар) дамыту мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру.
Мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру мәселелерi.
Геология, жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын қорғау мәселелерi.
"Байқоңыр" ғарыш айлағының мәселелерi.
ТМД елдерiмен және олардың ықпалдастық бiрлестiктерiмен өзара қатынастарды үйлестіру.
Индустрия және сауда министрлiгiнiң, Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң, Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiктiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары -
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi
А.С.Есімов
Мемлекеттiк органдардың ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк агроазық-түлiк бағдарламасын iске асыру мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру.
Аграрлық ғылым, экология, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, жер және су қатынастары мәселелерi.
Ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi.
Көшi-қон және демография саясаты мәселелерi.
Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қызметiне басшылық жасау.
Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң, Көшi-қон және демография жөнiндегі агенттiктiң, Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiктiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Кеңсесінің Басшысы
А.А.Тілеубердин
Үкiметтiң шешiмдерiн дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру, мемлекеттiк және орындаушылық тәртiптi қамтамасыз ету бөлiгiнде орталық және жергілiктi атқарушы органдардың, ведомстволардың қызметiн үйлестiру.
Yкiметтiң кадр саясатын iске асыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру.
Yкiметтiң өңiрлiк саясатын iске асыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру, Үкiметтiң облыстар әкімдерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
Премьер-Министр Кеңсесiнiң Президент Әкiмшілiгiмен және Парламент палаталарының аппараттарымен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.