Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымының Бас хатшысы Джордж Робертсонның Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 9 шілдедегі N 142-ө өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымының (бұдан әрі - НАТО) арасындағы ынтымақтастықты нығайту және 2003 жылғы 9-10 шілдеде Алматы қаласында НАТО-ның Бас хатшысы Джордж Робертсонның Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі:
      қосымша сәйкес 2003 жылғы 9-10 шілдеде Алматы қаласында НАТО-ның Бас хатшысы Джордж Робертсонның Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін;
      НАТО ресми делегациясы мүшелерінің қонақ үйде тұруына 2003 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен 233 320 (екі жүз отыз үш мың үш жүз жиырма) теңге бөлсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) НАТО ресми делегациясының мүшелерін орналастыру, тамақтандыру, көліктік және медициналық қызмет көрсету жөніндегі қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша) НАТО-ның ресми делегациясы мүшелерінің әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, сондай-ақ жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, НАТО Бас хатшысының арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Алматы қаласының әуежайында оның қонуы мен ұшып шығуын;
      Алматы қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.

      6. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2003 жылғы 9 шілдедегі
N 142 өкіміне    
қосымша       

НАТО-ның Бас хатшысы Джордж Робертсонның
Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және
өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шаралары

      1. Ресми делегация мүшелерін (1+4) және бірге жүретін адамдарды Алматы қаласында "Хаят Ридженси" қонақ үйіне орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін "Хаят Ридженси" қонақ үйіне орналастыру.
      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, автокөліктерге арналған арнайы рұқсатнамалар, куверткалар) дайындау.
      4. НАТО-ның делегациясы үшін белгіленген тәртіппен кәдесыйлар және сыйлықтар сатып алу.
      5. Алматы қаласының әуежайында НАТО-ның ресми делегациясын күтіп алу және шығарып салу рәсімдерін техникалық безендіру (VIP-зал, жалаулар, шай дастарханы).
      6. НАТО Бас хатшысын Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында қарсы алуды ұйымдастыру.
      7. Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында баспасөз конференциясын ұйымдастыру.
      8. НАТО Бас хатшысының Қазақстан Республикасының Президентімен, Қазақстан Республикасы Парламентінің басшылығымен, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрімен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрімен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасымен және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасымен кездесуін ұйымдастыру.
      9. НАТО Бас хатшысының құрметіне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің атынан жұмыс бабындағы түскі асты ұйымдастыру.
      10. НАТО-ның ресми делегациясы мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады