Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту және Сингапур Республикасы Сауда және индустрия министрінің Қазақстан Республикасына 2003 жылғы 18-21 шілдедегi ресми сапарын дайындау мен өткiзу жөнiнде Алматы және Астана қалаларында протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Сингапур Республикасының Сауда және индустрия министрi Джордж Еоның Қазақстан Республикасына 2003 жылғы 18-21 шiлдедегi ресми сапарын дайындау мен өткiзу жөнiнде Алматы және Астана қалаларында ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне 2003 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкілдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен Сингапур Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнің тұруына ақы төлеуге 1284870 (бiр миллион екi жүз сексен төрт мың сегiз жүз жетпiс) теңге бөлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша) делегацияның ресми бөлiгiн өкiлдiк сыныбындағы автомашиналармен қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Алматы және Астана қалаларында жүру бағыттары бойынша Сингапур Республикасы ресми делегациясының мүшелерiмен бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi сапардың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуiн қамтамасыз етсiн.
6. Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша), "Қазинвест" инвестицияларға жәрдемдесудің қазақстандық орталығы" ЖАҚ (келісім бойынша) Сингапур Республикасының ресми делегациясын күтіп алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.
7. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министріне жүктелсін.
Премьер-Министр