Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 192 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 24 шілдедегі N 153-ө өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2004.12.30. N 383 өкімімен.

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 192  өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкіметі кесімдерінің тізбесінде:
      реттік нөмірі 3-жолда "Орындалу мерзімі" деген бағандағы "2002 жылғы 11 желтоқсан" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Жер кодексі қолданысқа енгізілгеннен кейін бір ай ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 17-жолда "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімімен реттелуге жататын қатынастар" деген бағандағы 3) тармақша алынып тасталсын.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады