Жер қойнауын пайдаланумен және мұнай операцияларын жүргізумен байланысты өндірістік процестерге қазақстандық кәсіпорындарды тарту мақсатында құқықтық жағдай жасау және заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 30 шілдедегі N 158-ө өкімі

      Жер қойнауын пайдаланумен және мұнай операцияларын жүргізумен байланысты өндірістік процестерге қазақстандық кәсіпорындарды тарту мәселелері бойынша құқықтық жағдай жасау және заңнаманы жетілдіру мақсатында:

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Тілеубердин                 - Қазақстан Республикасының
Алтай Абылайұлы               Премьер-Министрі Кеңсесінің
                              Басшысы, жетекші

Школьник                    - Қазақстан Республикасының
Владимир Сергеевич            Энергетика және минералдық
                              ресурстар министрі, жетекшінің
                              орынбасары

Әшітов                      - Қазақстан Республикасының
Батыржан Зайырқанұлы          Еңбек және халықты әлеуметтік
                              қорғау вице-министрі

Асанов                      - Қазақстан Республикасының
Жақып Қажыманұлы              Әділет вице-министрі

Ысқақов                     - Қазақстан Республикасының
Нұрлан Әбділдаұлы             Қоршаған ортаны қорғау
                              вице-министрі

Тілеуберді                  - Қазақстан Республикасының
Мұхтар Бескенұлы              Сыртқы істер вице-министрі

Қиынов                      - Қазақстан Республикасының
Ләззат Кетебайұлы             Энергетика және минералдық
                              ресурстар вице-министрі

Нәлібаев                    - Қазақстан Республикасы
Әбдіхалық Зәкірұлы            Мемлекеттік сатып алу жөніндегі
                              агенттігінің төрағасы

Өтепов                      - Қазақстан Республикасының
Эдуард Карлұлы                Қаржы министрлігі Мемлекеттік
                              мүлік және жекешелендіру
                              комитеті төрағасының бірінші
                              орынбасары

Қарабалин                   - "ҚазМұнайГаз" ұлттық
Ұзақбай Сүлейменұлы           компаниясы" жабық акционерлік
                              қоғамының президенті (келісім
                              бойынша)

Марабаев                    - "ҚазМұнайГаз" ұлттық
Жақып Несіпқалиұлы            компаниясы" жабық акционерлік
                              қоғамының басқарушы директоры
                              (келісім бойынша)

Сафинов                     - "ҚазМұнайГаз" ұлттық
Қанатбек Бейсенбекұлы         компаниясы" жабық акционерлік
                              қоғамының басқарушы директоры
                              (келісім бойынша)

Андрющенко                  - Қазақстан Республикасының
Александр Иванович            Индустрия және сауда вице-министрi

Иманбаев                    - "Қазақстандық келiсiм-шарт агенттiгi"
Нұрлыбек Сейiтжанұлы          ЖАҚ-тың президентi (келiсiм бойынша)
      Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.19. N 178 өкімімен .

      2. Жұмыс тобы ағымдағы жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімде жер қойнауын пайдаланумен және мұнай операцияларын жүргізумен байланысты өндірістік процестердегі қазақстандық кәсіпорындардың үлесін ұлғайту мақсатында құқықтық жағдай жасау және заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлесін және Үкіметке енгізсін.

      3. Жұмыс тобына белгіленген тәртіппен министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қажетті мамандарын, сондай-ақ, өзге де, соның ішінде шетелдік те консультанттарды тарту құқығы берілсін.

      4. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының, ведомстволарының басшылары жұмыс тобының мүшелеріне барлық қажетті ақпараттың берілуін қамтамасыз етсін.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады