Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының борыштық міндеттемелерін реттеу мәселелері жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 19 тамыздағы N 176-ө өкімі

      Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының борыштық міндеттемелерін реттеу мәселелері жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында:

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Өзбеков                     - Қазақстан Республикасының Қаржы
Ғани Нұрмаханбетұлы           вице-министрі, жетекші

Оразәлиева                  - Қазақстан Республикасы Қаржы
Зәбира Жандарқызы             министрлігінің Заң қызметі
                              департаменті директорының
                              орынбасары, жетекшінің орынбасары

Достияров                   - Қазақстан Республикасы Қаржы
Абылай Мұхамедиярұлы          министрлігінің Мемлекеттік борыш және
                              кредит беру департаменті борыш
                              мониторингі басқармасының бастығы,
                              хатшы

Тәшенов                     - Қазақстан Республикасы Экономика
Бақытбек Хәкімұлы             бюджеттік жоспарлау министрлігінің
                              Мемлекеттік қарыз алуды және кредит
                              беруді жоспарлау департаменті
                              мемлекеттік қарыз алуды және кредит
                              беруді талдау басқармасының бастығы

Савицкий                    - Ақмола облысы әкімдігі қаржы
Дмитрий Емельянович           басқармасының бастығы

Ткаченко                    - Солтүстік Қазақстан облысы
Тамара Федоровна              әкімдігінің қаржы департаменті
                              бастығының орынбасары

Жәкенов                     - Қазақстан Республикасы Әділет
Асқар Серікжанұлы             министрлігінің мемлекеттік мүліктік
                              құқықтарын қорғау, шарттар және талап
                              қою-қуыну жұмыстары басқармасының
                              бастығы

      2. Жұмыс тобы 2003 жылғы 15 қыркүйекке дейін Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының борыштық міндеттемелерін реттеу мәселелері жөнінде ұсыныстарды әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады