Атырау облысындағы қорғау бөгеттерi мен жағалауды бекiтетiн құрылыстарды теңгеріміне алушыны, сондай-ақ оларды қаржыландыру көздерін айқындау жөнінде ұсыныстар енгiзу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 22 тамыздағы N 183-ө өкімі

      Каспий теңiзінің қума толқындары мен Атырау облысы аумағындағы өзендер су тасқынының күйретушi әсерiнен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн, коммуникациялар мен тұрғын үй қорын қорғауға арналған қорғау бөгеттерi мен жағалауды бекiтетiн құрылыстарды теңгерiмiне алушыны айқындау жөнiнде ұсыныстар енгiзу мақсатында:

      1. Атырау облысындағы қорғау бөгеттерi мен жағалауды бекiтетiн құрылыстарды теңгерiмiне алушыны, сондай-ақ оларды қаржыландыру көздерiн айқындау жөнiнде ұсыныстар енгiзу үшiн мынадай құрамда жұмыс тобы (бұдан әрi - Жұмыс тобы) құрылсын:
Кеншiмов              - Қазақстан Республикасының Ауыл
Әмiрхан Кәдiрбекұлы     шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары
                        жөніндегі комитетi төрағасының
                        орынбасары, жетекшi

Байғожин              - Атырау облысы әкімiнiң орынбасары,
Марат Имашұлы           жетекшiнің орынбасары

Егiзбаев              - Қазақстан Республикасы
Серiк Рахметоллаұлы     Премьер-Министрiнiң Кеңсесi өңiрлiк
                        даму бөлiмiнің бас инспекторы

Оразқұлов             - Қазақстан Республикасының
Расул Қабдолұлы         Экономика және бюджеттiк жоспарлау
                        министрлiгi Салалық органдар
                        шығыстарын жоспарлау департаментi
                        агроөнеркәсіп кешенi мен қоршаған
                        ортаны қорғау басқармасының бастығы

Сейiлханов            - Қазақстан Республикасының Төтенше
Әбдiраш Сейiлханұлы     жағдайлар жөніндегi агенттiгi төтенше
                        жағдайлардың алдын алу бөлiмiнiң бастығы

Қуанов                - Қазақстан Республикасының Ауыл
Бейсен Отарұлы          шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
                        жөнiндегi комитетi Орал-Каспий бассейндiк
                        су шаруашылығы басқармасының бастығы

Қонас                 - Қазақстан Республикасының Ауыл
Нәсiпқали Жоланұлы      шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары
                        жөнiндегi комитетi "Атыраусушар"
                        республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының
                        директоры

Әбдiрахманов          - Қазақстан Республикасының
Марат Ғинаятұлы         Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
                        Атырау облыстық аумақтық қоршаған
                        ортаны қорғау басқармасының бастығы

Ғабдуллин             - Қазақстан Республикасының Қаржы
Тайман Насихатұлы       министрлiгi Атырау мемлекеттік мүлiк
                        және жекешелендіру аумақтық комитетінің
                        бөлім бастығы

Баймұқанов            - "Қазселқорғау" мемлекеттiк мекемесi
Құрмет Сұлтанұлы        Атырау облыстық пайдалану басқармасының
                        директоры.

      2. Жұмыс тобы екi ай мерзімде Атырау облысындағы қорғау бөгеттерi мен жағалауды бекiтетiн құрылыстарды теңгерiмiне алушыны, сондай-ақ оларды қаржыландыру көздерiн айқындау жөнiндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қарауына енгiзсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады