Румынияның Президентi И.Илиескудiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі N 204-ө өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2003 жылғы 8-10 қыркүйекте Астана, Алматы қалаларында және Қарағанды облысында Румынияның Президентi И.Илиескудiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi 2003 жылғы 8-10 қыркүйекте Астана, Алматы қалаларында және Қарағанды облысында Румынияның Президентi И.Илиескудiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша):
      қосымшаға сәйкес Румыния делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
      2003 жылға арналған республикалық бюджетте "Ресми делегацияларға қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды және бизнес-форумды өткiзу шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Румыния делегациясы мүшелерiнiң әуежайлардағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүруді қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, Румынияның Президентi арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағы үстiнен ұшып өтуiн, Астана, Алматы және Қарағанды қалаларына әуежайларына қонуын және олардан ұшып шығуын;
      Астана, Алматы және Қарағанды қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      5. Алматы қаласының әкiмi:
      Румынияның Президентi И.Илиескудiң құрметiне қабылдау ұйымдастырсын;
      Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының және Румынияның мүдделi мемлекеттiк органдарының, кәсiпкерлер өкiлдерiнiң қатысуымен бизнес-форумды ұйымдастырсын.

      6. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.

      7. Астана, Алматы қалаларының және Қарағанды облысының әкiмдерi Румынияның делегациясын күтiп алу және шығарып салу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын, Астана және Алматы қалаларының әуежайлары мен көшелердiң безендiрiлуiн қамтамасыз етсiн.

      8. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана және Алматы қалаларының әуежайларында Румынияның Президентiн күтiп алу мен шығарып салу рәсiмiне қатыссын, қабылдау кезiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан концерттiк бағдарламаны ұйымдастырсын.

      9. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы    
Премьер-Министрiнiң     
2003 жылғы 4 қыркүйектегі  
N 204 өкiмiне       
қосымша           

Румыния ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. Румыния ресми делегациясының мүшелерiн (1+11) және бiрге жүретiн адамдарды Астана қаласында "Окан Интерконтиненталь - Астана" қонақ үйiне, Алматы қаласында "Хаятт Ридженси" қонақ үйiне орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiн "Окан Интерконтиненталь - Астана" және "Хаятт Ридженси" қонақ үйлерiне орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Румыния делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдейсыйлар сатып алу.
      5. Румынияның делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында күтiп алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың атынан Румынияның Президентi И.Илиескудiң құрметiне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
      7. Алматы қаласында Қазақстан Республикасының және Румынияның iскер топтары өкiлдерiнiң қатысуымен бизнес форум өткiзу үшiн қажеттi залды, слайд-проекторды, компьютердi, iлеспе аудармаға арналған жабдықтарды, құлақшаларды, микрофондарды жалға алуға және минералдық сусынды алуға ақы төлеу.
      8. Ресми делегацияның мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады