Йорк герцогы, ханзада Эндрюдiң Қазақстан Республикасына сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 23 қыркүйектегі N 227-ө өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi арасындағы екi жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту және 2003 жылғы 23-27 қыркүйекте Астана, Алматы және Атырау қалаларында Йорк герцогы, ханзада Эндрюдiң Қазақстан Республикасына сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi 2003 жылғы 23-27 қыркүйекте Астана, Алматы және Атырау қалаларында Йорк герцогы, ханзада Эндрюдiң Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша):
      қосымшаға сәйкес Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
      2003 жылға арналған республикалық бюджетте "Ресми делегацияларға қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгiнiң ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайлардағы, тұратын және баратын орындарындағы қауiпсiздiгiн, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, Йорк герцогы, ханзада Эндрюдiң арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстiнен ұшып өтуiн, Астана, Алматы және Атырау қалаларының әуежайларына қонуын және олардан ұшып шығуын;
      Астана, Алматы және Атырау қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.

      6. Астана, Алматы және Атырау қалаларының әкiмдерi Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгiнiң ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын орындауды қамтамасыз етсiн.

      7. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы   
Премьер-Министрiнiң    
2003 жылғы 23 қыркүйектегi
N 227 өкiмiне қосымша  

Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi
ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру
және оларға көлiктiк қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру
iс-шаралары

      1. Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi ресми делегациясының мүшелерiн (1+6) және бiрге жүретiн адамдарды Астана қаласында "Окан Интерконтиненталь" қонақ үйiне, Алматы қаласында "Хаятт Ридженси" қонақ үйiне және Атырау қаласында "River Palace" қонақ үйiне орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiн "Окан Интерконтиненталь", "Хаятт Ридженси" және "River Palace" қонақ үйлерiне орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арналған арнайы рұқсатнамалар) дайындау.
      4. Делегация басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Қазақстан Республикасының Президентi H.Ә.Назарбаевтың атынан Йорк герцогы, ханзада Эндрюдiң құрметiне ресми қонақасын ұйымдастыру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады