Тұрғын үй құрылыcының құнын төмендету жөнiндегі iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 11 қарашадағы N 275-ө өкімі

      Тұрғын үй құрылысының құнын төмендету және оны халықтың қалың жiгiнiң алуына қол жеткiзу жөнiнде шаралар қабылдау мақсатында:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысының құнын төмендету жөнiндегi іс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне жарты жылдың қорытындысы бойынша 2004 жылғы 15 қаңтарға және 15 шiлдеге Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметiне жарты жылдың қорытындысы бойынша 2004 жылғы 25 қаңтарға және 25 шілдеге Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2003 жылғы 11 қарашадағы
N 275 өкiмiмен бекiтiлген

      Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысының құнын төмендету жөнiндегі iс-шаралар жоспары

--------------------------------------------------------------------
Р/с        Іс-шара            Аяқталу нысаны    Орындауға   Opындау
N                                               жауаптылар  мерзiмi
 
  --------------------------------------------------------------------
1            2                   3                 4            5
--------------------------------------------------------------------
1  Ұтымды көлемдiк-жоспарлау,   Ұсынымдар        ИСМ         2004
   сындарлы және инженерлiк                                  жылғы
   шешімдердi, coндай-ақ                                    I тоқсан
   тұрғын үйлер салу үшін қала
   құрылысының жүйесіндегi
   тұpғын кварталдардың
   орналасуын анықтау
   жөнінде ұсынымдар дайындау

--------------------------------------------------------------------
2  Тапсырысшылар (құрылыс       Нұсқаулықтың     ИСМ,        2004
   салушылар) мемлекеттік       жобасы және     облыстардың, жылғы
   инвестициялар есебiнен       тұрақты бақылау Астана және  II
   немесе олардың                               Алматы       тоқсан
   қатысуымен тұрғызылатын                      қалаларының
   тұрғын үйлерді (тұрғын үйлердi,              әкiмдерi
   жатақханаларды) жобалауға
   арналған тапсырманы
   Қазақстан Республикасы
   Индустрия және сауда
   министрлiгiнiң Құрылыс
   iстерi жөнiндегi комитетiмен
   келiсудi қамтамасыз етсiн
--------------------------------------------------------------------
3  Магистральды инженерлiк      Қазақстан        ИСМ,         Жыл
   желiлердiң жанынан,          Республикасының облыстардың, сайын
   сондай-ақ құрылыстар         Үкiметiне       Астана және  қаңтар.
   мен коммуникациялардан       ақпарат         Алматы       да,
   бос аумақтарда мемлекеттiк                   қалаларының  шілдеде
   инвестициялар есебiнен                       әкiмдерi
   немесе олардың қатысуымен
   тұрғызылатын тұрғын үйлер
   салу үшiн алаңдар
   бөлiп берудi көздеу
--------------------------------------------------------------------
4  Тұрғын үйлер салушыларға      Қазақстан       Облыстардың  2004
   бөлiп берiлген жер телiмiнің  Республикасының Астана және  жылғы
   шегiнде салынып жатқан тұрғын Үкiметiне       Алматы       I тоқ.
   үйлердiң инженерлiк           ұсыныстар       қалаларының  сан
   желiлерiн қоспағанда, жаппай                  әкімдepi,
   құрылыс салынған аудандарда                   ЭМРМ, ТМРА
   (жеке тұрғын үйлердi қоса                     (келiсiм
   алғанда, тұрғын үйлер тобы)                   бойынша)
   магистральды және кварталiшілік               
   инженерлiк желiлердi, өзге де
   инженерлiк (коммуналдық)
   инфрақұрылым объектiлерiн
   дамытуға және жайластыруға
   байланысты шығындарды жүктеуге
   жол бермеу жөнiнде
   ұсыныстар енгiзу
--------------------------------------------------------------------
5  Тиiстi отандық өнімдер       Қазақстан    ИСМ,          жыл
   болған кезде мемлекеттiк     Республика.  министрліктер,сайын
   инвестициялар есебiнен       сының        облыстардың,  қаңтарда,
   немесе олардың қатысуымен    Үкіметіне    Астана және   шілдеде 
   тұрғызылатын                 ақпарат      Алматы
   тұрғын үйлердi (тұрғын                    қалаларының
   үйлердi, жатақханаларды)                  әкімдері
   салған кезде қымбат
   тұратын импорттық
   құрылыс материалдарын,
   бұйымдарын, құрастырмаларын,
   инженерлік жабдықтарды және
   үй салу керек-жарақтарын
   қолдануға жол бермеу жөнінде
   ұсыныстар енгiзу
--------------------------------------------------------------------
6  Құрылыс материалдары, бұйымдары Жобалардың   ИСМ           2004
   мен құрастырмалары өндірiсін     тізбесі                   жылғы
   дамытуға ықтимал инвесторларды                              II
   тарту үшiн 2004-2010 жылдарға                            тоқсан
   арналған басым инвестициялық
   жобалардың тiзбесiн дайындау
--------------------------------------------------------------------
7  Мыналарды:
   1) конкурсты ұйымдастырушы    Қазақстан    ИСМ            2004
   конкурстық құжаттамада        Республика.                 жылғы
   мердігердің (бac мердiгердің) сының                     I тоқсан
   өткiзiлетiн конкурстың мәнi   Үкіметіне
   болып табылатын және          ұсыныстар
   мемлекеттiк сатып алуға
   жататын жұмыстар көлемiнің
   (құрылыс құнының) жиынтығында
   үштен екi бөлiгiнен астамын
   қосалқы мердiгерлiкке беруге
   тыйым салу туралы
   шартын енгiзуiн;
-------------------------------------------------------------------
   2) ықтимал жеткізушiнiң
   конкурстық өтінімде,
   сондай-ақ тапсырысшы
   (жобаның немесе бағдарламаның
   инвесторы) мен конкурста
   жеңiп шыққан мердігердің
   (бас мердiгердiң) арасында
   жасалған мердiгерлік шартта
   мердiгер (бас мердiгер)
   қосалқы мердiгердiң
   орындауына бермекшi болып
   отырған жұмыстардың
   (қызметтер көрсетудiң)
   түрлерi мен көлемдерiн
   көрсетудi көздейтiн
   кейбiр құқықтық кесiмдерге
   өзгерiстер енгізу жөнінде
   ұсыныстар әзiрлеу
------------------------------------------------------------------
8  Мынадай жаңа құрылыс       Қазақстан       ИСМ         2003
   нормалары                  Республикасының             жылғы
   мен ережелерiн:            Үкіметіне                    IV
   "Құрылыстағы сметалық      ақпарат                     тоқсан
   нормативтiк құжаттардың
   жүйесi", "Қазақстан
   Республикасында құрылыстың
   сметалық құнын анықтау
   тәртiбi", "Инвестицияларды
   негiздеу,
   техникалық-экономикалық
   негіздеме сатыларының
   есеп айырысу құнын анықтау
   тәртiбi", жаңа сметалық
   нормалар мен бағалар
   жинақтарын, сондай-ақ жаңа
   сметалық нормалар мен бағалар
   бойынша сметалық құжаттаманы
   есептеу жөнiндегi
   бағдарламалық қамтамасыз
   eтудi қолданысқа енгізу.
------------------------------------------------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады