Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан халықтары Ассамблеясының оныншы сессиясын шақыру туралы" 2003 жылғы 4 қарашадағы N 427 өкiмiне сәйкес:
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi 2003 жылғы 23 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан халықтары Ассамблеясының оныншы сессиясын (бұдан әрi - Сессия) өткiзудi ұйымдастырсын.
2. Сессияны өткiзу жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру 2003 жылға арналған республикалық бюджетте 38 "Мемлекеттiк және басқа тiлдердi дамыту" бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне көзделген қаражаттың шегiнде жүзеге асырылсын.
3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне Сессияға қатысушылардың iссапар шығыстарын тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Премьер-Министр