Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтiк Республикасы арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2003 жылғы 4-5 желтоқсан кезеңiнде Астана қаласында Германия Федеративтiк Республикасының федералдық канцлерi Герхард Шредердiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi 2003 жылғы 4-5 желтоқсан кезеңiнде Астана қаласында Германия Федеративтiк Республикасының федералдық канцлерi Герхард Шредердiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша):
қосымшаға сәйкес Германия Федеративтiк Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
2003 жылға арналған республикалық бюджетте "Ресми делегацияларға қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды және бизнес-форумды өткiзуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Германия Федеративтiк Республикасының делегациясы мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ екi арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiппен:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, Германия Федеративтiк Республикасы федералдық канцлерiнiң екi арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен Астана қаласының әуежайына қонып ұшып өтуiн;
Астана қаласының әуежайында арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетудi, олардың тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының және Германия Федеративтiк Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары өкiлдерiнiң, кәсiпкерлерiнiң қатысуымен бизнес-форумды ұйымдастырсын.
6. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.
7. Астана қаласының әкiмi Германия Федеративтiк Республикасының делегациясын күтiп алу және шығарып салу жөнiндегi ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, Астана қаласының әуежайы мен көшелерiнiң безендiрiлуiн қамтамасыз етсiн.
8. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана қаласының әуежайында Германия Федеративтiк Республикасының федералдық канцлерiн күтiп алу мен шығарып салу рәсiмiне қатыссын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан қабылдау кезiнде концерттiк бағдарламаны ұйымдастырсын.
9. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.
Премьер-Mинистр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2003 жылғы 29 қарашадағы
N 296 өкiмiне
қосымша
Германия Федеративтiк Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары
1. Германия Федеративтiк Республикасының ресми делегациясының мүшелерiн және бiрге жүретiн адамдарды Астана қаласында 1+10 формат бойынша ("Окан Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйi) орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiн "Окан Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйiне орналастыру.
3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
4. Германия Федеративтiк Республикасының делегация басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдейсыйлар сатып алу.
5. Германия Федеративтiк Республикасының делегациясын күтiп алу және шығарып салу кезiнде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру.
6. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың атынан Германия Федеративтiк Республикасының федералдық канцлерi Г.Шредердiң құрметiне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
7. Астана қаласында Қазақстан Республикасының және Германия Федеративтiк Республикасының iскер топтары өкiлдерiнiң қатысуымен бизнес-форум өткiзу үшiн iлеспе-аудармашылардың жұмысына ақы төлеу, қажеттi залды, слайд-проекторды, компьютерлердi, iлеспе аудармаға арналған жабдықтарды, құлақшаларды, микрофондарды жалға алу, кеңсе заттары мен минералдық сусынды сатып алу.
8. Ресми делегацияның мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.