Ресей Федерациясының Президентi Владимир Владимирович Путиннiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 323-ө өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2004 жылғы 9-11 қаңтарда Астана және Алматы қалаларында Ресей Федерациясының Президентi Владимир Владимирович Путиннiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету, сондай-ақ Ресейдiң Қазақстандағы жылының салтанатты ашылуына арналған іс-шараларды өткiзу мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi 2004 жылғы 9-11 қаңтарда Астана және Алматы қалаларында Ресей Федерациясының Президентi Владимир Владимирович Путиннiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерi мен ведомстволары 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан-Ресей құжаттарына сапар барысында қол қоюға дайындықты қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іc басқармасы (келiсiм бойынша):
      2-қосымшаға сәйкес Ресей Федерациясы делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
      2004 жылға арналған республикалық бюджетте "Ресми делегацияларға қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген, қаражат есебiнен, сапарды өткiзу шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Ресей Федерациясының делегациясы мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсіздiгiн, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша біргe жүрудi қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бiрлесiп, Ресей Федерациясы Президентiнiң арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстiнен ұшып өтуiн, Астана және Алматы қалаларының әуежайларына қонуын және олардан ұшып шығуын;
      Астана және Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетедi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      6. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.

      7. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Ресейдiң Қазақстандағы жылының ашылуына орай гала-концерт ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi мәселелерді пысықтасын.

      8. Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Ресей Федерациясының делегациясын күтiп алу және шығарып салу, Астана және Алматы қалаларының әуежайлары мен көшелерiнiң безендiрiлуi жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.

      9. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана және Алматы қалаларының әуежайларында Ресей Федерациясының Президентiн күтiп алу мен шығарып салу рәсiмiне қатыссын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан қабылдау кезiнде концерттiк бағдарламаны ұйымдастырсын.

      10. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң 
2003 жылғы 30 желтоқсандағы
N 323 өкiмiне   
1-қосымша    

      1. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенiн тиiмдi пайдалану туралы келiсiмнiң жобасы (Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің Аэроғарыш комитетi).
      2. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша ынтымақтастықты одан әрi дамыту туралы меморандумның жобасы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi).
      3. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасын қорғаудағы ынтымақтастық пен өзара iс-әрекет туралы шарттың жобасы (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетінің Шекара қызметi - келiсiм бойынша).
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Шекара өкiлдерінің қызметi туралы келiсiмнiң жобасы (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетінің Шекара қызметi - келiсiм бойынша).
      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Үшіншi елдерге әскери мақсаттағы өнiмнiң экспортын жүзеге асыру кезiнде өзара iс-әрекет тәртiбi туралы келiсiмнің жобасы (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi).
      6. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Әскери мақсаттағы өнiмдердi өндiруге қатысатын кәсiпорындар мен ұйымдардың мамандануын сақтау туралы келiсiмнiң жобасы (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi).
      7. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келiсiмнiң жобасы (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi бөлiмi).
      8. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасында "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн және оның жұмыс iстеуiне арналған арнайы жүктердi Ресей Федерациясы кәсiпорындарының ведомстволық күзет күштерiнiң күзетуiн қамтамасыз етуi туралы келiсiмнiң жобасы (Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi).
      9. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Қоныс аудару процесiн реттеу мен қоныс аударушылардың құқықтарын қорғау туралы 1998 жылғы 6 шiлдедегi келiсiмдi iске асыру тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi мен Ресей Федерациясының Iшкi iстер министрлiгi арасындағы хаттаманың жобасы (Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi).

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2003 жылғы 30 желтоқсандағы
N 323 өкiмiне 
2-қосымша   

Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелерiн
орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктік
қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелерiн (1+11) және бiрге жүретiн адамдарды Астана қаласының "Окан Интерконтиненталь - Астана" және Алматы қаласының "Хаятт-Ридженси" қонақ үйлерiне орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақтан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiн Астана қаласының "Окан Интерконтиненталь - Астана" және Алматы қаласының "Хаятт-Ридженси" қонақ үйлерiне орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Ресей Федерациясы делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдейсыйлар сатып алу.
      5. Ресей Федерациясының делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында күтiп алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың атынан Ресей Федерациясының Президентi B.B.Путиннiң құрметiне ресми қабылдау ұйымдастыру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады