1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң 2004 жылы Қазақстан Республикасының аумағында республикалық және ресми халықаралық жарыстарды өткiзу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) 2004 жылы Қазақстан Республикасында өткiзiлетiн республикалық және ресми халықаралық жарыстардың тiзбесi;
2) 2004 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және ресми халықаралық жарыстарға дайындық және оларды өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi, Астана және Алматы қалаларының және Шығыс Қазақстан облысының әкiмдерi спорт түрлерi бойынша тиiсті федерациялармен келiсiм бойынша республикалық және ресми халықаралық жарыстарды дайындауды және өткiзудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi республикалық және ресми халықаралық жарыстар өтетiн және оларға қатысушылар мен ресми адамдар тұратын орындарда қоғамдық тәртiптi, олардың қауiпсiздiгін сақтауды, ресми халықаралық жарыстарға қатысушы-шетелдiк азаматтарды Астана, Алматы және Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалаларының қонақ үйлерiнде тiркеудi қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі республикалық және ресми халықаралық жарыстарға дайындық пен олардың өткiзiлу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жариялауды қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi республикалық және ресми халықаралық жарыстарға қатысушыларға медициналық қызмет көрсетудi қамтамасыз етуге жәрдем көрсетсiн.
7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi республикалық және ресми халықаралық жарыстарға қатысушыларға көлiк қызметiн көрсетудi қамтамасыз етуге жәрдем көрсетсiн.
8. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі ұсынған тізім бойынша ресми халықаралық жарыстарға қатысушылардың және ресми адамдардың келу және кету құжаттарын ресімдеуге жәрдем көрсетсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2004 жылғы 15 наурыздағы
N 66 өкiмiмен
бекiтiлген
2004 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және ресми халықаралық жарыстарға дайындық және оны өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы
Тұрлыханов - Қазақстан Республикасы Туризм және
Дәулет Болатұлы спорт жөнiндегi агенттiгінің төрағасы,
төраға
Тәжiбай - Қазақстан Республикасының Туризм және
Бақытбек спорт жөнiндегi агенттігi төрағасының
бiрiншi орынбасары, орынбасар
Қанағатов - Қазақстан Республикасының Туризм және
Елсияр Баймұхамедұлы спорт жөнiндегi агенттiгi төрағасының
орынбасары, орынбасар
Зверьков - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Вадим Павлович вице-министрi
Лавриненко - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Юрий Иванович коммуникациялар бiрiншi вице-министрi
Отто - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Иван Иванович вице-министрi
Рябченко - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Олег Григорьевич бiрiншi вице-министрi
Диқанбаева - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Сәуле Әлкейқызы сақтау вице-министрi
Досмұханбетов - Астана қаласының әкiмi
Темiрхан Мыңайдарұлы
Храпунов - Алматы қаласының әкiмi
Виктор Вячеславович
Гречухин - Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрiншi
Александр Васильевич орынбасары
Мұзапаров - Шығыс Қазақстан облысы әкiмдігінiң
Марат Өмiрбекұлы туризм және спорт басқармасының бастығы
Айтқожин - Астана қаласы әкiмi аппаратының Туризм
Азамат Серiкұлы және спорт жөнiндегі департаментiнiң
бастығы
Оразбақ - Алматы қаласы әкiмi аппаратының Дене
Iзбасар Оразбақұлы шынықтыру және спорт комитетiнiң
төрағасы
Захарин - Балуан Шолақ атындағы спорт және
Юрий Кузьмич мәдениет сарайының директоры
(келiсiм бойынша)
Қожасбай - Қазақстан Республикасының күрес
Ерлан Сәдуақасұлы федерациясының президентi
(келiсiм бойынша)
Хамхоев - Қазақстан Республикасының дзюдо
Әли Хамитұлы федерациясының вице-президентi
(келiсiм бойынша)
Тұрлыханова - Қазақстан Республикасының гандбол
Гүлнәр Смағұлқызы федерациясының президентi
(келiсiм бойынша)
Щеглова - Қазақстан Республикасының спорттық
Ирина Валерьевна бағдарлау федерациясының вице-президентi
(келiсiм бойынша)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2004 жылғы 15 наурыздағы
N 66 өкiмiмен
бекiтiлген
2004 жылы Қазақстан Республикасында өткiзiлетiн республикалық және ресми халықаралық жарыстардың тiзбесi
____________________________________________________________________
N | Іс-шаралардың атауы | Өткiзу | Өтетін | Жауапты
| | мерзiмi | орны | орындаушылар
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5
____________________________________________________________________
1. Ауыр атлетикадан Азия 6-11 сәуiр Алматы Қазақстан
чемпионаты қаласы Республикасының
Туризм және спорт
жөнiндегі агенттiгі,
Алматы қаласының
әкiмi, Қазақстан
Республикасының ауыр
атлетика федерациясы
(келiсiм бойынша)
2. Грек-рим күресiнен 7-10 мамыр Алматы Қазақстан
Азия чемпионаты қаласы Республикасының
Туризм және спорт
жөніндегi агенттiгi,
Алматы қаласының
әкімі, Қазақстан
Республикасының күрес
федерациясы (келiсiм
бойынша)
3. Дзюдодан Азия 14-16 мамыр Алматы Қазақстан
чемпионаты қаласы Республикасының
Туризм және спорт
жөніндегi агенттігi,
Алматы қаласының
әкiмi, Қазақстан
Республикасының дзюдо
федерациясы (келiсiм
бойынша)
4. Спорттық бағдарлау. 26-30 мамыр Өскемен Қазақстан
дан Азия және Тынық қаласы Республикасының
мұхиты аймағының Туризм және спорт
чемпионаты жөнiндегi агенттігі,
Шығыс Қазақстан
облысының әкiмi,
Қазақстан
Республикасының
спорттық бағдарлау
федерациясы (келiсiм
бойынша)
5. Гандболдан жастардың 10-15 Алматы Қазақстан
әйелдер командалары маусым қаласы Республикасының
арасындағы Азия Туризм және спорт
чемпионаты жөнiндегi агенттігі,
Алматы қаласының
әкiмi, Қазақстан
Республикасының
гандбол федерациясы
(келiсiм бойынша)
6. Еркiн, грек-рим және 17-20 Алматы Қазақстан
әйелдер күресі бойынша маусым қаласы Республикасының
Жас өспірімдер арасын. Туризм және спорт
дағы Азия чемпионаты жөнiндегi агенттігі,
Алматы қаласының
әкiмi, Қазақстан
Республикасының
күрес федерациясы
(келiсiм бойынша)
7. Спорт ардагерлерiнiң 12-16 Астана Қазақстан
республикалық маусым қаласы Республикасының
спартакиадасы Туризм және спорт
жөнiндегi агенттiгi,
Астана қаласының
әкiмi
____________________________________________________________________