Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетiнiң Президентi Хамид Карзайдың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 97-ө өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетiнiң арасындағы екi жақты ынтымақтасты нығайту және 2004 жылғы 15-16 сәуiрде Астана қаласына Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетiнiң Президентi Хамид Карзайдың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi 2004 жылғы 15-16 сәуiрде Астана қаласына Ауғанстан Өтпелі Ислам Мемлекетінiң Президентi Хамид Карзайдың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы (келiсiм бойынша):
      қосымшаға сәйкес Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетi ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету жөнiнде қажетті шаралар қабылдасын;
      2004 жылға арналған республикалық бюджетте "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды өткiзуге арналған шығыстарды, соның iшiнде ұтқыр байланыстың бес арнасын жалға алуды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетiнiң ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетiнiң Президентi Хамид Карзайды Астана қаласының әуежайында күтiп алу және шығарып салу рәсiмдерiне қатыссын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан берiлетiн ресми қабылдауда концерттiк бағдарламаны қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетiнiң Президентi Хамид Карзайдың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстiнен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      6. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.

      7. Астана қаласының әкiмi Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетi делегациясын күтiп алу және шығарып салу, Астана қаласының әуежайы мен көшелерiн безендіру жөніндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.

      8. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнiң  
2004 жылғы 12 сәуірдегі 
N 97 өкiмiне    
қосымша        

Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетi ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетiнiң ресми делегациясының мүшелерiн (1+10) Астана қаласында "Окан Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйiне орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн "Окан Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйiне орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетi делегациясының басшысы мен мүшелерiне арналған сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетiнiң ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында күтіп алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың атынан Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетiнiң Президентi Хамид Карзайдың құрметiне Астана қаласында ресми қабылдауды ұйымдастыру.
      7. Ресми делегацияның мүшелерiне медициналық қызмет көрсету.
      8. Келiссөздер өтетiн залды техникалық безендiру (мемлекеттiк жалаулар, гүлдер).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады