2004 жылғы 18-19 маусымда Астана қаласында "Еуразиялық интеграция: қазiргi заманғы дамудың үрдiстерi және жаhанданудың тегеурiндi талаптары" халықаралық форумын өткізуге дайындықты тиiмдi ұйымдастыру мен үйлестірудi қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған "Еуразиялық интеграция: қазiргi заманғы дамудың үрдiстерi және жаhанданудың тегеурiндi талаптары" халықаралық форумын дайындау мен өткiзу жөнiндегі iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
2. Орталық атқарушы органдар, Астана қаласының әкiмi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары (келiсiм бойынша) мен мүдделi ұйымдары (келiсiм бойынша) Жоспарда көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне "Еуразиялық интеграция: қазiргі заманғы дамудың үрдiстерi және жаhанданудың тегеурiндi талаптары" халықаралық форумына қатысушылардың тұруына 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 2418840 (екі миллион төрт жүз он сегіз мың сегіз жүз қырық) теңге сомасында қаражат бөлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Индустрия және сауда саласындағы уәкiлетті органның қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен қажетті баспа басылымдарын дайындауға 1750000 (бiр миллион жетi жүз елу мың) теңге сомасында ақы төлесін.
5. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2004 жылғы 5 маусымдағы
N 167 өкiмiмен
бекiтiлген
"Еуразиялық интеграция: қазiргi заманғы дамудың үрдiстері және жаhанданудың тегеурiндi талаптары" халықаралық форумын дайындау мен өткiзу жөніндегі ic-шаралар жоспары
__________________________________________________________________
Р/с | Іс-шаралар | Орындалу | Орындаушылар
N | | мерзiмi |
__________________________________________________________________
1 2 3 4
__________________________________________________________________
1. Мемлекет басшысының 2004 жылғы Сыртқы iстер министрлігі,
баяндамасын дайындау 7 маусым Қазақстан Республикасы
Президентiнiң жанындағы
Қазақстандық стратегиялық
зерттеулер институты
(келiсiм бойынша)
2. Форумға қатысушылар. 2004 жылғы Индустрия және сауда
дың құрамын келiсу 7 маусым министрлiгi, Сыртқы iстер
министрлiгi
3. Форум бағдарламасын 2004 жылғы Индустрия және сауда
және оны өткiзу тәртi. 7 маусым министрлiгi, Экономика және
бiн, соның iшiнде сек. бюджеттік жоспарлау
циялардың жұмыс сцена. министрлiгі, Сыртқы iстер
рийiн дайындау министрлiгі, Мәдениет
министрлігі, Iшкi iстер
министрлiгi
4. Іс-шараның қорытынды 2004 жылғы Қазақстан Республикасы
құжатын - форум 7 маусым Президентінiң жанындағы
қарарын дайындау Қазақстандық стратегиялық
зерттеулер институты
(келiсiм бойынша)
5. Баспа басылымдары мен 2004 жылғы Индустрия және сауда
үлестiрме материалда. 7 маусым министрлiгі
рын дайындау
6. Форумға қатысушылар 2004 жылғы Индустрия және сауда
үшін қонақ үй нөмiр. 7 маусым министрлiгi, Астана
лерiн брондау қаласының әкiмi
7. Республикада және 2004 жылғы Ақпарат министрлiгi, Сыртқы
шетелде ақпараттық 7 маусымнан iстер министрлiгi
жариялаулар жүргiзу бастап
8. Форумға қатысушыларға 2004 жылғы Индустрия және сауда
көлiктiк қызмет 17-20 министрлiгi, Қазақстан
көрсету маусым Республикасы Президентiнiң
Iс басқармасы (келiсiм
бойынша), Астана қаласының
әкiмi
9. Астана қаласының 2004 жылғы Индустрия және сауда
әуежайында форумға 17-20 министрлiгі, Қазақстан
қатысушыларды күтiп маусым Республикасы Президентiнiң
алу мен шығарып салу Іс басқармасы (келiсiм
бойынша), Астана қаласының
әкiмi
10. Л.H.Гумилев атындағы 2004 жылғы Бiлiм және ғылым министрлігі
Еуразия ұлттық универ. 16-19 Л.Н. Гумилев атындағы
ситетiнiң конференц- маусым Еуразия ұлттық университетi
залы мен басқа да (келiсiм бойынша), Астана
қажетті үй-жайларын қаласының әкiмi
тиiстi жабдықпен
безендіру және
жарақтандыру
11. Индустрия және сауда 2004 жылғы Индустрия және сауда
министрі атынан 19 маусым министрлігі, Астана
форумға қатысушылар. қаласының әкiмi
дың құрметіне ресми
қабылдау және концерт.
тік бағдарлама
ұйымдастыру
12. Форумға қатысушылар 2004 жылғы Индустрия және сауда
үшін мәдени бағдарлама 17-19 министрлiгi, Астана
ұйымдастыру ("Бәйте. маусым қаласының әкiмi
рек" орталығына
"Думан" ойын-сауық
орталығына және
басқаларына бapу)
13. Форумға қатысушылардың 2004 жылғы Iшкi iстер министрлігi
тұратын және форум 17-19
өткiзiлетiн жерлерде маусым
қауіпсiздігін қамта.
масыз ету, шетелдiк
азаматтарды Астана қа.
ласының қонақ үйлерiн.
де тiркеу, сондай-ақ
жүретiн бағыттары
бойынша Қазақстан
Республикасының жол
полициясы машиналары.
мен бiрге алып жүру
__________________________________________________________________