2004 жылғы 18 маусымда Астана қаласында Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесi мемлекет басшылары деңгейiндегі (бұдан әрі - мәжілiсi) мәжілісiн және Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесiнiң (бұдан әрі - сессия) сессиясын дайындау және өткiзу үшін:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі 2004 жылғы 18 маусымда Астана қаласында мәжiлiс пен сессияны дайындау және өткiзу жөнiндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы (келiсiм бойынша):
қосымшаға сәйкес Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Украина (бұдан әрі - делегациялар) ресми делегацияларының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2004 жылға арналған республикалық бюджетте "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен мәжiлiс пен сессияны өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) делегациялар мүшелерiнiң Астана қаласындағы әуежайда тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақтарды күзетудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі белгiленген тәртiппен:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, делегациялар арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
Астана қаласының әуежайында арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетудi, тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі мәжілiс пен сессияның бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуiн қамтамасыз етсiн.
6. Астана қаласының әкiмi делегацияларды күтiп алу және шығарып салу жөнiндегі ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын, Астана қаласының әуежайы мен көшелерiнiң безендiрiлуiн қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана қаласының әуежайында делегациялардың басшыларын күтiп алу мен шығарып салу рәсiмiне қатыссын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан қабылдау кезiнде концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын.
8. Мына делегацияларға: Армения Республикасына - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi; Беларусь Республикасына - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi; Қырғыз Республикасына - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi; Ресей Федерациясына - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.Есiмов; Тәжiкстан Республикасына - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi бекiтілсiн.
9. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2004 жылғы 15 маусымдағы
N 175 өкіміне
қосымша
Делегациялар мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегi
ұйымдастыру шаралары
1. Мәжiлiс: (1+7) пен сессияға (1+7) қатысатын делегациялар мүшелерiн Астана қаласында орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiн делегациялар басшылары орналасқан жерлерге орналастыру.
3. Мәжiлiстi, сессияны және екi жақты кездесулердi өткiзуге арналған залдарды жалға алу.
4. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) әзiрлеу.
5. Делегациялардың басшылары мен мүшелерi үшiн сыйлықтар және кәдесыйлар сатып алу.
6. Делегацияларды Астана қаласының әуежайында күтіп алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
7. Делегациялардың құрметiне Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың атынан ресми қабылдау ұйымдастыру.
8. Делегациялар мүшелерiне және бiрге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.