2004 жылғы 8-9 сәуiрде Астана қаласында Қазақстан-чех сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссиясының екiншi мәжiлiсi барысында қол жеткiзiлген уағдаласушылықтарды іске асыру жөнiндегі Iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 6 шілдедегі N 195-ө өкімі

      Қазақстан-чех сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегі үкiметаралық комиссиясының екiншi мәжiлiсi барысында қол жеткiзiлген уағдаласушылықтарды iске асыру және Қазақстан-чех ынтымақтастығын одан әрi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қоса берiліп отырған 2004 жылғы 8-9 сәуiрде Астана қаласында Қазақстан-чех сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссиясының екiншi мәжiлiсi барысында қол жеткiзiлген уағдаласушылықтарды iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, мүдделi ұйымдар (келiсiм бойынша) Жоспарда көзделген iс-шараларды iске асыру жөнiнде тиiсті шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Pecпубликасының Индустрия және сауда министрлігі кемiнде жарты жылда бір рет Қазақстан Республикасының Yкiметін Жоспардың орындалу барысы туралы хабардар етсiн.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2004 жылғы 6 шілдедегі  
N 195 өкімімен     
бекiтiлген        

2004 жылғы 8-9 сәуiрде Астана қаласында
Қазақстан-чех сауда-экономикалық ынтымақтастық
жөнiндегі үкiметаралық комиссиясы екiншi мәжiлiсiнiң
барысында қол жеткiзiлген уағдаласушылықтарды
iске асыру жөнiндегi ic-шаралар жоспары

___________________________________________________________________
Р/с|        Іс-шаралар       |Орындау мерзiмi| Орындауға жауаптылар
N |                         |               |
___________________________________________________________________
1  Сауда-экономикалық ынты.                   Қазақстан
   мақтастықты дамыту:                        Республикасының
    1) екi мемлекеттің мем.  тұрақты негiзде  Индустрия және сауда
   лекеттік органдары ара.                    министрлігі,
   сындағы келiсiмдер мен                     Қазақстан Республика.
   хаттамалар шеңберiнде                      сының Ауыл шаруа.
   ақпарат алмасу;                            шылығы министрлiгi,
    2) экспортталатын        тұрақты негiзде  Қазақстан Республика.
   тауарлар тiзбелерiмен                      сының Көлiк және
   алмасу;                                    коммуникациялар
    3) екi мемлекетте        тұрақты негізде  министрлiгi, Қазақстан
   өткізiлетiн көрмелерде                     Республикасының Энер.
   кәсiпкерлердi                              гетика және
   ұйымдастыру;                               минералдық ресурстар
    4) "Экспорттық           2005 жылғы       министрлігі,
   кредиттер мен инвес.      екiншi жарты     "Экспорттық кредиттер
   тицияларды сақтандыру     жылдық           мен инвестицияларды
   жөнiндегi мемлекеттік                      сақтандыру жөнiндегi
   корпорация" АҚ-тың Чех                     мемлекеттік
   Республикасының осыған                     корпорация" АҚ
   ұқсас қаржы институт.                      (келiсiм бойынша)
   тармен ынтымақтастығы
   туралы шарттар жасасу
   мүмкiндiк туралы мәселені
   қарастыру;
    5) екi жақты ынтымақ.
   тастық жобаларын iске
   асыруға жәрдемдесу:
    Ақсай қаласындағы        2005 жылғы       Қазақстан Республика.
   құрылыс-жөндеу            екiншi жарты     сының Индустрия және
   жұмыстарын жүргізу        жылдық           сауда министрлігі
   ("Prumyslove
   stavitelstvi Вrnо
   as.");
    Өскемен қаласындағы
   Шкода жеңiл автомобиль.
   дерiн шығару жөнiндегi
   монтаж зауытын жаңғырту
   ("Skoda auto a.s.");
    мұнай саласындағы
   экологиялық және энер.
   гетикалық жобаларды
   әзiрлеу ("Chepos
   engineering, spol.
   s.r.o.");
    көлiктiк инфрақұрылымды,
   соның iшiнде қалалық
   көлiктi басқару мен
   әуежайларды жабдықтау
   жүйесiн дамыту
   ("Zeleznicni
   konsorcium");
    Астана қаласындағы
   теледидар мұнарасы үшін
   жабдықтар салу
   ("Tecla а.ы.-LAVIMONT");
    теледидар таратқыштарын
   жеткiзу ("Tecla a.s.-
   Hloubetin");
    құрамында жерде сирек
   кездесетiн металдар бар
   өнiм өндiру жөнiнде
   бiрлескен кәсiпорын құру;
    6) Қазақстан Республи.   2004 жылғы       Қазақстан Республика.
   касының Yкiметi мен Чех   екiнші жарты     сының Индустрия және
   Республикасының Yкiметі   жылдық           сауда министрлiгi
   арасындағы Экономикалық,
   өнеркәсiптiк және
   ғылыми-техникалық ынты.
   мақтастық туралы келiсiм.
   нiң жобасын әзiрлеу
   жөнiнде екi мемлекеттiң
   сарапшыларының кездесуiн
   ұйымдастыру

2  Өңiраралық ынтымақтастық:                  Астана қаласының
    1) екi мемлекеттің       тұрақты негiзде  әкiмдiгі
   астаналары арасындағы
   ынтымақтастық;
    2) чех тарапына Астана   2004 жылғы
   қаласының Еркiн экономи.  екiншi жарты
   калық аймағы шеңберiнде   жылдық
   әзiрленетiн инвестициялық
   жобаларды жiберу;
    3) Астана қаласының      2004 жылғы
   Еркiн экономикалық аймағы екiншi
   шеңберiндегі ынтымақ.     жарты жылдық
   тастықтың бағыттарын
   айқындау жөнiндегi сарап.
   шылардың жұмыс бабындағы
   кездесуiн ұйымдастыру

3  Стандарттау, метрология   2004 жылғы       Қазақстан Республика.
   және сертификаттау сала.  екiншi жарты     сының Индустрия және
   сындағы ынтымақтастық:    жылдық           сауда министрлігі
    Стандарттау, метрология
   және сертификаттау сала.
   сындағы келiсiмдi әзiрлеу
   мақсатында сарапшылардың
   жұмыс бабындағы кездесуiн
   ұйымдастыру және одан
   әрi ынтымақтастық
   бағыттарын айқындау

4  Газ өнеркәсiбi саласын.   2004 жылғы       Қазақстан Республи.
   дағы ынтымақтастық:       екiншi жарты     касының Энергетика
    газ өнеркәсiбiндегі      жылдық           және минералдық
   екi жақты ынтымақтастық                    ресурстар министрлігi
   жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу

5  Көлiк және коммуникация.
   лар саласындағы
   ынтымақтастық:
    1) Қазақстан Республи.   2005 жылғы       Қазақстан Республика.
   касының Үкiметі мен Чех   екiншi жарты     сының Көлiк және
   Республикасының Yкiметі   жылдық           коммуникациялар
   арасындағы Әуе қатынасы                    министрлiгi
   туралы келісiмнің
   жобасын қол қоюға
   дайындау

6  Ауыл шаруашылығы сала.
   сындағы ынтымақтастық:
    1) ақпарат, ауыл         тұрақты негiзде  Қазақстан Республика.
   шаруашылығы саласындағы                    сының Ауыл шаруашылығы
   ғылыми әзiрлемелермен                      министрлігі
   (ауыл шаруашылығы өнiм.
   дерiн қайта өңдеуге
   арналған жаңа техноло.
   гиялар және технологиялық
   жабдықтар, ресурс
   жинақтаушы агротехноло.
   гиялар) алмасу
    2) ветеринария және      тұрақты негізде
   өсiмдiктер карантинi
   саласындағы ынтымақтас.
   тықты жаңарту

7  Қазақстан-чех сауда-      2004 жылғы       Қазақстан Республика.
   экономикалық ынтымақ.     екінші жарты     сының Индустрия және
   тастығы жөнiндегі         жылдық           сауда министрлігі
   үкiметаралық комиссияның
   кезектi мәжiлiсiн өткiзу
   мәселелерiн пысықтау
___________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады