"Орталық Азия Ынтымақтастығы" ұйымының шеңберiнде ынтымақтастықты дамыту және "Орталық Азия Ынтымақтастығы" ұйымына мүше мемлекеттердiң Сыртқы iстер министрлерi кеңесiнiң отырысын дайындау және 2004 жылғы 27-28 тамызда Астана қаласында өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру-протоколдық iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі:
"Орталық Азия Ынтымақтастығы" ұйымына мүше мемлекеттердiң Сыртқы iстер министрлерi кеңесiнiң отырысын (бұдан әрi - отырыс) дайындау және 2004 жылғы 27-28 тамызда Астана қаласында өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн;
ресми делегациялар мүшелерiнiң қонақ үйде тұруына 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 835584 (сегіз жүз отыз бес мың бес жүз сексен төрт) теңге сомасында қаражат бөлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) ресми делегациялар мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi отырысты бұқаралық ақпарат құралдарында жария етудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгіленген тәртiппен:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп Қырғыз Республикасының, Тәжiкстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының және Ресей Федерациясының Сыртқы iстер министрлерi арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуiн және Астана қаласының әуежайына қонуын және ұшып шығуын;
Астана қаласының әуежайында арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетудi, олардың тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
5. Астана қаласының әкiмi ресми делегацияларды күтіп алу мен шығарып салу, Астана қаласының әуежайы мен көшелерiн безендiру, мәдени бағдарламаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң атынан ресми қабылдауда концерттiк бағдарламаны ұйымдастыру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.
6. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгіне жүктелсін.
Премьер-Министр