Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы Мемлекеттер басшылары кеңесінiң, Үкiметтер басшылары кеңесiнiң және Бiрыңғай Экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттер басшыларының мәжiлiстерiн дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 11 қыркүйектегі N 260-ө Өкімі

      2004 жылғы 15-16 қыркүйекте Астана қаласында Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы Мемлекеттер басшылары кеңесiнiң, Үкіметтер басшылары кеңесiнiң (бұдан әрі - ТМД МБК, YБК) және Бiрыңғай (бұдан әрі - БЭК) Экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттер басшыларының мәжiлiстерiн дайындау және өткiзу үшін:

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгі 2004 жылғы 15-16 қыркүйекте Астана қаласында ТМД МБК, ҮБК және БЭК мәжiлiстерiн дайындау және өткiзу жөнiндегі протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша):
      1-қосымшаға сәйкес 2004 жылғы 14-16 қыркүйекте Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер ресми делегацияларының және ТМД Атқару комитетiнiң мүшелерiн (бұдан әрi - ресми делегациялар) орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету жөнiндегі қажетті шараларды қабылдасын;
      2004 жылға арналған республикалық бюджетте "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен ТМД МБК, ҮБК және БЭК мәжiлiстерiн өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметі (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитеті (келiсiм бойынша) ресми делегациялар мүшелерінің әуежайдағы тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздігін, жүретін бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақтарды күзетудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгіленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бiрлесiп, ресми делегациялардың арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында ресми делегациялардың арнайы ұшақтарына техникалық қызмет көрсетуді, тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi ТМД МБК, ҮБК және БЭК мәжілiстерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуiн қамтамасыз етсiн.

      6. Астана қаласының әкiмi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң делегацияларын күтiп алу және шығарып салу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын, Астана қаласының әуежайы мен көшелерiнiң безендiрiлуiн, сондай-ақ мәдени бағдарламаны ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.

      7. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана қаласының әуежайында Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Президенттерiн және Премьер-Министрлерiн күтiп алу мен шығарып салу рәсіміне қатыссын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Премьер-Министрiнiң атынан қабылдау кезiнде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.

      8. Делегацияларға қызмет көрсету деңгейiн көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен агенттiктерi 2-қосымшаға сәйкес оларға бекiтілсiн.

      9. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрiнiң   
2004 жылғы 11 қыркүйектегі
N 260 өкiмiне      
1-қосымша        

Тәуелciз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі - ТМД) қатысушы мемлекеттердiң ресми делегацияларының мүшелеріне қызмет көрсету жөнiндегі ұйымдастыру шаралары

      1. ТМД-ға қатысушы мемлекеттер ресми делегацияларының мүшелерiн Астана қаласында ТМД Мемлекеттер басшылары кеңесi (1+5), ТМД Үкіметтер басшылары кеңесi (1+5), Бiрыңғай Экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттер басшыларының (1+5) үлгісi бойынша (бұдан әрі - ТМД МБК, ҮБК және БЭК), сондай-ақ ТМД Атқару комитеті үшiн (1+3) үлесi бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметінiң қызметкерлерін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Президенттерi және Премьер-Министрлерi орналасқан жерлерге орналастыру.
      3. ТМД МБК, ТМД YБК және БЭК отырыстарын өткiзуге арналған залдарды жалға алу.
      4. Мәжілiс залдарын гүлмен безендiру.
      5. Баспа өнiмдерiн (папкалар, бейдждер, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақыру билеттерi) әзiрлеу.
      6. Ресми делегациялардың басшылары мен мүшелерi үшін сыйлықтар және кәдесыйлар сатып алу.
      7. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ресми делегацияларын Астана қаласының әуежайында күтіп алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      8. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң құрметіне Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Д.К.Ахметовтің атынан ресми қабылдауларды ұйымдастыру.
      9. Ресми делегациялар мүшелеріне және бiрге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.
      10. Ұтқыр транкингтік байланыстың 30 бірлiгін жалға алу.
      11. Ұтқыр ұялы байланыс қызметiне ақы төлеу.

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрiнiң   
2004 жылғы 11 қыркүйектегі
N 260 өкiмiне      
2-қосымша        

Қазақстан Республикасының министрлiктері мен агенттiктерiн Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер делегацияларына бекiту

___________________________________________________________________
Әзiрбайжан Республикасы | Жер ресурстарын басқару жөнiндегі агенттік
                        | (Б.С. Оспанов)
                        |
Армения Республикасы    | Денсаулық сақтау министрлігi (Е.А. Досаев)
                        |
Беларусь Республикасы   | Көлiк және коммуникациялар министрлігі
                        | (Қ.Ы. Нағманов)
                        |
Грузия                  | Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiк
                        | (Н.Қ. Бижанов)
                        |
Қырғыз Республикасы     | Білiм және ғылым министрлiгi
                        | (Ж.А. Құлекеев)
                        |
Молдова Республикасы    | Ауыл шаруашылығы министрлiгi (С.Ә.Үмбетов)
                        |
Ресей Федерациясы       | Энергетика және минералдық ресурстар
                        | министрлігі (В.С. Школьник)
                        |
Тәжiкстан Республикасы  | Әдiлет министрлiгi (О.И. Жұмабеков)
                        |
Түрiкменстан            | Мәдениет министрлiгi (Д.Қ. Қасейiнов)
                        |
Өзбекстан Республикасы  | Экономика және бюджеттік жоспарлау
                        | министрлiгi (Қ.Н. Келімбетов)
                        |
Украина                 | Қаржы министрлiгi (А.Ғ. Дунаев)
___________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады