Ресей Федерациясы Yкiметiнiң Төрағасы Михаил Ефимович Фрадковтың Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 7 қазандағы N 298-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және Ресей Федерациясы Үкiметiнiң Төрағасы Михаил Ефимович Фрадковтың 2004 жылғы 7-8 қазанда Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын (бұдан әрi - сапар) Астана қаласында дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша):
      қосымшаға сәйкес Ресей Федерациясы делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегі қажеттi ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2004 жылға арналған республикалық бюджетте "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Ресей Федерациясының ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ Ресей Федерациясының Үкiметi Төрағасының арнайы ұшағын күзетудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгімен бiрлесiп, Ресей Федерациясының Үкiметi Төрағасының арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстiнен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Ақпарат, мәдениет және спорт министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.

      6. Астана қаласының әкiмi Ресей Федерациясының делегациясын күтiп алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын, Астана қаласының әуежайы мен көшелерiнiң безендiрiлуiн қамтамасыз етсiн.

      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана қаласының әуежайында Ресей Федерациясы Үкiметiнiң Төрағасын күтiп алу мен шығарып салу салтанатына қатыссын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң атынан қабылдау кезiнде концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын.

      8. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнiң  
2004 жылғы 7 қазандағы 
N 298 өкiмiне     
қосымша       

Ресей Федерациясы делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелерiн (1+5) Астана қаласында орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiн Ресей Федерациясы Үкiметiнiң Төрағасы орналасқан жерде орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) әзiрлеу.
      4. Ресей Федерациясы делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      5. Ресей Федерациясының делегациясын Астана қаласының әуежайында күтiп алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Д.К.Ахметовтың атынан Ресей Федерациясы Үкіметiнiң Төрағасы М.Е.Фрадковтың құрметiне ресми қабылдауды ұйымдастыру.
      7. Ресей Федерациясы делегациясының мүшелерiне медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады