Норвегия Корольдігінiң Премьер-Министрi К.М.Бондевиктiң Қазақстан Республикасына 2004 жылғы 25-26 мамырдағы ресми сапары барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 302-ө Өкімі

      Норвегия Корольдігінiң Премьер-Министрi К.М.Бондевиктiң Қазақстан Республикасына 2004 жылғы 25-26 мамырдағы ресми сапары барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды iске асыру және Қазақстан-норвегия ынтымақтастығын одан әрi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қоса беріліп отырған Норвегия Корольдiгiнiң Премьер-Министрi К.М.Бондевиктiң Қазақстан Республикасына 2004 жылғы 25-26 мамырдағы ресми сапары барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары және мүдделi ұйымдар (келiсiм бойынша) Жоспарда көзделген iс-шараларды орындау жөнiнде тиiстi шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi кемiнде жарты жылда бiр рет Жоспардың орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар етсiн.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрiнiң 2006.06.27. N  176 өкімімен.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрiнiң   
2004 жылғы 13 қазандағы 
N 302 өкiмiмен      
бекiтiлген        

  Норвегия Корольдiгiнiң Премьер-Министрi К.М.Бондевиктiң Қазақстан Республикасына 2004 жылғы 25-26 мамырдағы ресми сапары барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары

____________________________________________________________________
Р/с|        Iс-шара             |Орындалу|Орындалуына жауаптылар 
  N |                            | мерзiмi|
____|____________________________|________|_________________________
  1 |           2                |    3   |          4
____________________________________________________________________
1.  Қазақстан Республикасы мен      2005    Қазақстан Республикасы
    Норвегия Корольдігі арасында   жылдың   Энергетика және минерал.
    мұнай-газ жабдығын өндіру      төртінші дық ресурстар
    саласындағы ынтымақтастық      тоқсаны  министрлігі,
    мәселелері бойынша ұсыныстар            Қазақстан Республикасы
    дайындау.                               Индустрия және сауда
                                            министрлігі

2.  Каспий теңізінің қазақстандық  Тұрақты  Қазақстан Республикасы
    секторындағы барлау және       негізде  Энергетика және
    өндіру мәселелерін қоса                 минералдық ресурстар
    алғанда, Норвегияның                    министрлігі,
    "Статойл" компаниясымен мұнай-          "ҚазМұнайГаз" ұлттық
    газ саласындағы ынтымақтас.             компаниясы" акционерлік
    тықты жалғастыру.                       қоғамы (келісім бойынша)

3.  Қазақстан Республикасы мен    Тұрақты   Қазақстан Республикасы
    Норвегия Корольдігінің        негізде   Қаржы министрлігі,
    мұнай қорларын басқару                  Қазақстан Республикасы
    саласындағы ақпарат                     Сыртқы істер министрлі.
    алмасуды жалғастыру.                    гі, Қазақстан
                                            Республикасы Ұлттық 
                                            Банкі (келісім бойынша)

4.  Шағын және орта кәсіпкерлік     2004    Қазақстан Республикасы
    саласындағы норвег тәжіри.     жылдың   Индустрия және сауда
    бесін мынадай бағыттар         төртінші министрлігі,
    бойынша зерделеу:              тоқсаны  "Шағын кәсіпкерлікті
    1) оқыту және консалтинг                дамыту қоры" акционерлік
    ұйымдастыру жөніндегі                   қоғамы (келісім бойынша)
    норвег қорының қызметі;
    2) "Шағын кәсіпкерлікті
    дамыту қоры" АҚ-ға норвег
    тәжірибесін енгізу
    жөніндегі бағдарламаларды
    әзірлеу;
    3) норвег тарабының шағын
    және орта кәсіпкерлікке
    арналған бірыңғай
    ақпараттық жүйені құру
    жөніндегі тәжірибесін
    зерделеу (арақашықтық
    консалтинг);
    4) "Норвегия инновациясы"
    қорының шағын және орта
    кәсіпкерлікті қолдауды
    дамыту бағыттары жөніндегі
    тәжірибесін зерделеу
    мақсатында Норвегия
    Корольдігіне бару.

5.  Норвег тәжірибесін ескере       2005    Қазақстан Республикасы
    отырып, Қазақстан              жылдың   Индустрия және сауда
    Республикасында өнеркәсіп.     үшінші   министрлігі, "Шағын
    тік кластерлерді құру          тоқсаны  кәсіпкерлікті дамыту
    жөніндегі жобаларды іске                қоры" акционерлік
    асырудың тетіктерін әзірлеу.            қоғамы

6.  Қазақстан Республикасының       2005    Қазақстан Республикасы
    Үкіметі мен Норвегия           жылдың   Көлік және коммуникация.
    Корольдігінің Үкіметі          бірінші  лар министрлігі,
    арасындағы Халықаралық         жарты.   Қазақстан Республикасы
    автомобиль тасымалдары және    жылдығы  Сыртқы істер министрлігі
    жүктер туралы;
    Қазақстан Республикасының      2005
    Үкіметі мен Норвегия            жыл
    Корольдігінің Үкіметі арасын.  бойында
    дағы Әуе қатынасы туралы
    келісімдердің жобаларын
    әзірлеуді жалғастыру.

7.  Норвегиялық "Telenor"           2004    Қазақстан Республикасы
    компаниясымен Қазақстан        жылдың   Индустрия және сауда
    Республикасының ұтқыр және     екінші   министрлігі,
    спутниктік байланысын дамыту   жарты.   Қазақстан Республикасы
    жөніндегі бірлескен            жылдығы  Ақпараттандыру және
    инвестициялық жобаны іске               байланыс агенттігі,
    асыру мүмкіндігін пысықтау.             "Қазақтелеком" акционер.
                                            лік қоғамы (келісім
                                            бойынша)

8.  Қазақстан Республикасы мен     Тұрақты  Қазақстан Республикасы
    Норвегия Корольдігі            негізде  Сыртқы істер
    арасындағы ынтымақтастықты              министрлігі,
    дамыту және екі жақты                   Қазақстан Республикасы
    деңгейде де, халықаралық                Қорғаныс министрлігі,
    және аймақтық ұйымдар                   Қазақстан Республикасы
    шеңберінде де халықаралық               Ішкі істер министрлігі,
    терроризмге және жаппай                 Қазақстан Республикасы
    қырып-жою қаруын таратуға,              Ұлттық қауіпсіздік
    ұйымдасқан қылмысқа, заңсыз             комитеті (келісім
    есірткі тасымалына, адамдар             бойынша)
    саудасы мен заңсыз көші-қонға
    қарсы күрес жүргізуде өз
    күш-жігерлерін үйлестіру.

9.  1) Қоршаған ортаны қорғау      Тұрақты  Қазақстан Республикасы
    саласындағы ынтымақтастықты    негізде  Қоршаған ортаны қорғау
    дамыту. Бұрынғы Семей                   министрлігі
    полигоны, Арал теңізі және
    уран көмбелері (Оңтүстік
    Қазақстан облысы) ауданда.
    рындағы экологиялық және
    әлеуметтік мәселелерді шешу
    үшін норвег қаржысы мен
    техникалық көмегін тарту;
    2) Қазақстан Республикасында    2004
    өкілдік ашу жөніндегі           жылдың
    "Rogeland Research" ғылыми-     екінші
    зерттеу орталығының ұсынысын    жарты
    пысықтау.                       жылдығы

10. Қазақстан Республикасы үшін    Тұрақты  Қазақстан Республикасы 
    су ресурстарын басқару         негізде  Ауыл шаруашылығы
    жөніндегі кешенді жоспарды              министрлігі
    іске асыру және Йоханнесбург
    іс-қимыл жоспарының міндетте.
    рін шешу мақсатында екі жақты
    ынтымақтастықты жандандыру.

11. Екі елдің сыртқы істер          2004-   Қазақстан Республикасы
    министрліктері аясында          2005    Сыртқы істер
    халықаралық және аймақтық       жылдар  министрлігі,
    саясат мәселелері жөніндегі,    ішінде  Қазақстан Республикасы
    сондай-ақ екі елдің уәкілетті           Энергетика және
    мемлекеттік органдары аясында           минералдық ресурстар
    энергетика саласындағы                  министрлігі,
    ынтымақтастық мәселелері                Қазақстан Республикасы
    жөніндегі екі жақты                     Индустрия және сауда
    консультациялар тетіктерін              министрлігі
    құру мүмкіндігін пысықтау.
____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады