Татарстан Республикасының (Ресей Федерациясы) Президентi Минтимер Шарипович Шаймиевтiң Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 27 қазандағы N 322-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Татарстан Республикасы (Ресей Федерациясы) арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2004 жылғы 27-28 қазанда Астана қаласында Татарстан Республикасының Президентi Минтимер Шарипович Шаймиевтiң Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
 

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегі протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.
 

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша):
      қосымшаға сәйкес Татарстан Республикасы делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2004 жылға арналған республикалық бюджетте "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
 

      3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Татарстан Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ Татарстан Республикасы Президентiнiң арнайы ұшағын күзетудi қамтамасыз етсiн.
 

      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, Татарстан Республикасының Президентi арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстiнен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
 

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетiлуiн қамтамасыз етсiн.
 

      6. Астана қаласының әкiмi Татарстан Республикасының делегациясын қарсы алу және шығарып салу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын, Астана қаласының әуежайы мен көшелерiнiң безендiрілуiн қамтамасыз етсiн.
 

      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана қаласының әуежайында Татарстан Республикасының Президентiн күтiп алу мен шығарып салу рәсiмiне қатыссын, қабылдау кезiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын.
 

      8. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрiнiң   
2004 жылғы 27 қазандағы 
N 322 өкiміне     
қосымша       

Татарстан Республикасы (Ресей Федерациясы)
делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету
жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. Татарстан Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн (1+10) Астана қаласында орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнің Күзет қызметi қызметкерлерiн Татарстан Республикасының Президентi орналасқан жерде орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, орама карталар, қабылдауға шақырулар) әзiрлеу.
      4. Татарстан Республикасы ресми делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      5. Татарстан Республикасының делегациясын Астана қаласының әуежайында күтiп алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың атынан Татарстан Республикасының Президентi М.Ш.Шаймиевтiң құрметiне ресми қабылдауды ұйымдастыру.
      7. Татарстан Республикасы делегациясының мүшелерiне медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады