1. "Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет қоса берiліп отырған нормативтік құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:
1) тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының жобаларын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметіне бекiтуге енгiзсiн;
2) екi ай мерзiмде "Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қажеттi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар етсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2004 жылғы 3 қарашадағы
N 326 өкімімен
бекiтiлген
"Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi
___________________________________________________________________
P/c| Нормативтік құқықтық кесiмнің |Кесiмнiң нысаны|Орындау мерзiмi
N | атауы | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4
___________________________________________________________________
1 Фармацевтикалық қызмет түрлерiн Қазақстан 2004 жылғы
лицензиялау ережесiн және Республикасы желтоқсан
лицензиялау кезiнде қойылатын Үкіметiнің
біліктілік талаптарын бекiту қаулысы
туралы
2 Дәрiханалардың, дәріхана қоймала. Қазақстан 2004 жылғы
рының санаты мен құрылымын Республикасы желтоқсан
айқындау тәртiбiн бекiту туралы Үкiметiнiң
қаулысы
3 Фармацевтикалық қызмет түрлерiн Қазақстан 2004 жылғы
лицензиялау кезiнде дәрілік Республикасы желтоқсан
заттар айналымы саласындағы Үкiметінің
субъектiлердiң біліктілік қаулысы
деңгейiне сәйкестігін тәуелсiз
сараптамалық бағалау жүргiзу
үшін жеке және заңды тұлғаларды
аккредиттеу тәртiбiн бекiту
туралы
4 Қазақстан Республикасының Қазақстан 2004 жылғы
заңнамасына сәйкес азаматтардың Республикасы желтоқсан
жекелеген санаттарын дәрілік Үкiметiнiң
заттармен тегiн және (немесе) қаулысы
жеңiлдiкпен қамтамасыз ету
тәртiбi туралы
5 Фармацевтикалық қызметті жүзеге Денсаулық 2004 жылғы
асыратын жеке тұлғаларды даярлау, сақтау сала. желтоқсан
қайта даярлау, олардың сындағы уәкi.
бiлiктiлігін арттыру және леттi органы.
мерзiмдiк аттестаттау тәртiбi ның бұйрығы
туралы (бұдан әрi -
уәкiлетті
органның
бұйрығы)
6 Қазақстан Республикасының Уәкiлетті 2004 жылғы
заңнамасында белгiленетiн тегін органның желтоқсан
медициналық көмектің кепiлдi бұйрығы
көлемi шеңберiнде тегін дәрілік
көмек көрсетуге арналған негізгі
(өмiрлiк маңызы бар) дәрілік
заттардың тiзiмiн бекiту туралы
7 Дәрілік заттардың нормаларын, Уәкiлеттi 2004 жылғы
дәрілік заттардың жіктемесiн, органның желтоқсан
Қазақстан Республикасының бұйрығы
Мемлекеттік фармакопеясын
бекiту туралы
8 Халыққа шұғыл медициналық көмек Уәкiлеттi 2004 жылғы
көрсету үшін алғашқы көмек органның желтоқсан
көрсету дәрi қобдишасының құрамын бұйрығы
белгілеу және бекiту туралы
9 Биологиялық белсенді заттардың Уәкiлеттi 2004 жылғы
клиникаға дейiнгі сынауларын және органның желтоқсан
(немесе) зерттеулерiн жүргiзу бұйрығы
жөнiндегі нұсқаулық
10 Фармакологиялық және дәрілік Уәкiлеттi 2004 жылғы
заттардың клиникалық зерттеулерiн органның желтоқсан
және (немесе) сынауларын жүргiзу бұйрығы
жөнiндегi нұсқаулық
11 Фармацевтикалық қызметті Дәрілік заттар 2004 жылғы
мемлекеттік қадағалауды және айналымы сала. желтоқсан
дәрілік заттардың қауiпсiздігін, сындағы мемле.
тиiмдiлігі мен сапасын бақылауды кеттік орган.
жүзеге асыру, фармацевтикалық ның бұйрығы
зерттеу актiсiн және (бұдан әрi -
фармацевтикалық қызметте мемлекеттiк
әкiмшілік құқық бұзушылық туралы органның
хаттаманы жасау жөнiндегі бұйрығы)
нұсқаулық
12 Фармакопеялық құжаттарды және Мемлекеттік 2004 жылғы
дәрілік заттардың сапасы мен органның желтоқсан
қауіпсiздігін анықтайтын басқа да бұйрығы
нормативтік-техникалық құжаттарды
жасау және бекіту жөніндегі
нұсқаулықты бекіту туралы
13 Халықаралық фармакопеялардың Мемлекеттік 2004 жылғы
жекелеген стандарттарын, органның желтоқсан
сондай-ақ шет мемлекеттердiң бұйрығы
фармакопеялық құжаттарын және
дәрілік заттарға арналған басқа
да нормативтiк-техникалық
құжаттарды тану туралы
14 Дәрілiк заттар өндiрiсiнің Мемлекеттік 2004 жылғы
технологиялық регламеттерiн органның желтоқсан
келiсу, оларды есепке алуды бұйрығы
және жүйелеудi жүргiзу
жөнiндегі нұсқаулық
15 Бiрегей дәрілік заттардың атауын Мемлекеттік 2004 жылғы
бекіту жөнiндегi нұсқаулық органның желтоқсан
бұйрығы
16 Дәрілік заттарды әкелудi және Мемлекеттік 2004 жылғы
әкетудi келiсу жөнiндегі органның желтоқсан
нұсқаулық бұйрығы
17 Медициналық және фармацевтикалық Мемлекеттік 2004 жылғы
ұйымдарда дәрілік заттардың органның желтоқсан
жанама әсерлерiнiң мониторингiн бұйрығы
жүргiзу жөнiндегі нұсқаулықты
бекіту туралы
18 Дәрілік заттарды дайындау Мемлекеттік 2004 жылғы
ережесiн бекiту туралы органның желтоқсан
бұйрығы
___________________________________________________________________