Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2004 жылғы 11-19 желтоқсанда Астана (баратын жағдайда) және Алматы қалаларында Беларусь Республикасының Президентi Александр Григорьевич Лукашенконың Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөніндегi протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Астана (баратын жағдайда) және Алматы қалаларында Беларусь Республикасының Президентi Александр Григорьевич Лукашенконың Қазақстан Республикасына сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келiсiм бойынша):
қосымшаға сәйкес Беларусь Республикасы ресми делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiнде қажетті ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2004 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Беларусь Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайлардағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздігін, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгіленген тәртiппен:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен және Сыртқы iстер министрлігiмен бiрлесiп, Беларусь Республикасының Президентi Александр Григорьевич Лукашенконың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана (баратын жағдайда) және Алматы қалаларының әуежайларына қонуын және олардан ұшып шығуын;
Астана (баратын жағдайда) және Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
5. Алматы қаласының әкiмi Беларусь Республикасының Президентi Александр Григорьевич Лукашенконың құрметіне Алматы қаласында қабылдау ұйымдастырсын.
6. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.
7. Астана (баратын жағдайда) және Алматы қалаларының әкiмдерi Беларусь Республикасының делегациясын қарсы алу және шығарып салу, Астана (баратын жағдайда) және Алматы қалаларының әуежайлары мен көшелерiн безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.
8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана (баратын жағдайда) және Алматы қалаларының әуежайларында Беларусь Республикасының Президентi Александр Григорьевич Лукашенконы қарсы алу мен шығарып салу рәсiмiне қатыссын, Қазақстан Республикасы Президентiнің атынан қабылдау кезiнде концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын.
9. Осы өкiмнiң іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2004 жылғы 11 желтоқсандағы
N 361-ө өкiмiне
қосымша
Беларусь Республикасы ресми делегациясының
мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегі
ұйымдастыру шаралары
1. Беларусь Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн (1+10) және бiрге жүретін адамдарды Астана (баратын жағдайда) және Алматы қалаларында қонақ үйлерiне орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiн Астана (баратын жағдайда) және Алматы қалаларының қонақ үйлерiне орналастыру.
3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
4. Беларусь Республикасы делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
5. Беларусь Республикасының делегациясын Астана (баратын жағдайда) және Алматы қалаларының әуежайларында күтiп алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
6. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың атынан
Беларусь Республикасының Президентi А.Лукашенконың құрметiне Алматы қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
7. Ресми делегацияның мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.