1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрiнiң орынбасарлары және Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы арасында мiндеттердi бөлу бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 24 қарашадағы N 344-ө өкiмiнің күші жойылды деп танылсын.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2005 жылғы 11 қаңтардағы
N 3-ө өкiмiмен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрiнiң орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесiнiң Басшысы арасында
МIНДЕТТЕРДI БӨЛУ
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Д.К.Ахметов
Үкiметтің қызметiне басшылық жасау.
Қазақстан Республикасының Президентiмен, сондай-ақ Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да конституциялық органдармен қатынастарда Үкiметтiң атынан өкiлдiк ету.
Мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелерi.
Экономикалық және қаржы саясаты, қорғаныс, құқық тәртiбi, мұнай-газ секторын дамыту мәселелерi.
Үкiметтiң кадр мәселелерi.
Сыртқы істер министрлiгінiң, Қорғаныс министрлiгiнiң, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң, Қаржы министрлігінiң, Көлiк және коммуникация министрлігінiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Әділет министрлігінiң, Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігiнiң, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнiң (қаржы полициясы) қызметiн жалпы бақылау.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары
А.С.Есiмов
Экономиканы жедел басқару, өңірлік және аграрлық саясат, жұмылдыру дайындығы, әлеуметтiк саясат және әлеуметтiк әрiптестiк, Республикалық үш жақты комиссияға басшылық жасау мәселелерi.
Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң, Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң, Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң, Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң, Білiм және ғылым министрлiгiнiң, Денсаулық сақтау министрлiгiнiң, Жер ресурстарын басқару агенттігінiң қызметiн жалпы бақылау.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары -
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi
С.М.Мыңбаев
Индустриялық, технологиялық және инвестициялық саясат, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуi мәселелерi.
ТМД елдерiмен және олардың ықпалдастық бiрлестiктерiмен өзара қатынастар мәселелерi.
Индустрия және сауда министрлiгіне басшылық жасау.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Кеңсесiнiң Басшысы
А.А.Тiлеубердин
Үкiметтің шешiмдерiн дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру бөлiгiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ведомстволардың мемлекеттiк және орындаушылық тәртiпті сақтау, мемлекеттiк құпияларды қорғау, мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру және ақпараттық қауiпсiздігін қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестіру.
Үкiметтiң кадр саясатын iске асыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру.
Үкiметтiң өңiрлiк саясатын iске асыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру, Үкiметтің облыстар әкiмдерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
Премьер-Министр Кеңсесiнiң Президент Әкiмшілігімен және Парламент палаталары аппараттарымен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
Ақпараттандыру және байланыс агенттігінiң, Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң, Статистика агенттiгiнiң қызметiн жалпы бақылау.