Мойнақ ГЭС-iн салудың бiрінші кезектегі мәселелерiн шешу жөнiндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 10-ө Өкімі

       Мойнақ ГЭС-iн салуды бастау мәселелерін шешуді жылдамдату мақсатында:

      1 . Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Оразбаев          - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Бiрлiк Есiркепұлы   минералдық ресурстар вице-министрi, жетекшi

Комаров           - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Геннадий            Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi
Григорьевич         төрағасының орынбасары

Сағындықов        - Қазақстан Республикасы Экономика және
Самат Алпысұлы      бюджеттiк жоспарлау министрлiгi инвестициялық
                    жоспарлау және талдау басқармасының бастығы

Әбiтаев           - "КEGOC" акционерлiк қоғамының вице-
Есберген            президентi (келiсiм бойынша)
Әбiтайұлы

Белқожаев        -  "Бiрлiк" акционерлiк қоғамының президентi
Стахан              (келiсiм бойынша)
Белқожаұлы

Авчиханов        -  "Қазгидрожоба" жабық акционерлiк қоғамының
Султан              президентi (келiсiм бойынша)
Гусейнович

Жақанов          -  "Қазақстан Даму Банкi" акционерлiк
Жанат Шәмшiұлы      қоғамының басқарушы директоры (келiсiм бойынша)

Бейбiтов         -  Қазақстан Республикасы Энергетика және
Есілбай             минералдық ресурстар министрлiгі Электр
Досмағамбетұлы      энергетикасы және көмiр өнеркәсiбi
                    департаментiнiң бөлiм бастығы

      2. Қоса берілiп отырған Мойнақ ГЭС-iн салудың бiрiншi кезектегi мәселелерiн шешу жөнiндегi жұмыс тобының жұмыс жоспары бекiтілсiн.

      3. Жұмыс тобы ГЭС салу үшiн заңды тұлға құрылғанға дейiн Мойнақ ГЭС-iн салудың бiрiншi кезектегi мәселелерiн орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.

      4. Жұмыс тобының жетекшісi айына екi рет Мойнақ ГЭС-iн салудың бірінші кезектегі мәселелерін шешу жөніндегі жұмыс жоспарының iске асырылу барысы туралы Үкіметке хабарласын.

      Премьер-Министр

                                            Қазақстан Республикасы
                                              Премьер-Министрiнiң
                                           2005 жылғы 21 қаңтардағы
                                                N 10-ө өкiмiмен
                                                  бекiтiлген

    Мойнақ ГЭС-iн салудың бiрiншi кезектi мәселелерiн
             шешу жөнiндегi жұмыс тобының
                    ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Р/с
N

Жұмыстардың тiзбесi

Орындалу мерзiмi

1

"Бiрлiк" АҚ-тың Мойнақ ГЭC-iн салудың техникалық-
экономикалық негiздемесiн әзiрлеуге дайындауы және "Қазгидрожоба" ЖАҚ-қа техникалық тапсырма беруi

2005 жылғы
27 қаңтар

2

Мойнақ ГЭС-iн салу жобасын iске асыру үшiн заңды тұлғаны құруға қатысу

2005 жылғы ақпан

3

Мойнақ ГЭС-iн салудың техни- калық-экономикалық негiз-
демесiн, оның iшiнде қоршаған ортаға әсер етуiн алдын ала бағалауды (ҚОӘАлдБ) әзiрлеу

2005 жылғы 4 наурыз

4

Техникалық-экономикалық негiздеменi келiсу және сараптау

2005 жылғы
25 наурыз

5

Техникалық-экономикалық негiздеменi бекiту

2005 жылғы
30 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады