Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi ұйымның қазiргi төрағасы, Словения Республикасының сыртқы iстер министрi Димитрий Рупельдiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 12 ақпандағы N 24-ө Өкімі

      2005 жылғы 14-15 ақпанда Астана қаласында Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi ұйымның қазiргi төрағасы, Словения Республикасының сыртқы iстер министрi Димитрий Рупельдiң ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
 

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi:
      сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн;
      ресми делегация мүшелерiнiң 1+3 форматы бойынша қонақ үйде тұруына 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бюджеттiк бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 140204 (бiр жүз қырық мың екi жүз төрт) теңге сомасында қаражат бөлсiн.
 

      2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) ресми делегация мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.
 

      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгіленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi ұйымның қазiргi төрағасының арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
 

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.
 

      5. Астана қаласының әкiмi ресми делегацияны қарсы алу және шығарып салу, Астана қаласының әуежайы мен көшелерiн безендiру, мәдени бағдарлама ұйымдастыру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.
 

      6. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігіне жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады