Қазақстан Республикасының көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi, белгiлi заңгер Юрий Александрович Хитриннiң есiмiн мәңгi есте қалдыру мақсатында:
Алматы қаласының әкiмi:
1) Ю.А. Хитринге ескерткiш құлпытас және Алматы қаласында Мәуленов көшесiндегi 120-тұрғын үйге ескерткiш тақта орнатсын;
2) ескерткiш құлпытасты дайындау мен орнату жөнiндегi шығыстарды және Ю.А. Хитриннiң есiмiн мәңгi есте қалдыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыруды 2005 жылға арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырсын.
Премьер-Министр