"Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі N 80-ө Өкімі

      1. Қоса берілiп отырған "Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы  Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтілсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi тiзбеге сәйкес ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар етсiн.

      Премьер-Министр

                                       Қазақстан Республикасы
                                        Премьер-Министрiнiң
                                       2005 жылғы 8 сәуiрдегi
                                           N 80-ө өкiмiмен
                                              бекiтiлген

      "Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде
   оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшін жұмыс
    берушінiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндетті
    сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын
    iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк
             құқықтық кесiмдердiң тiзбесi

Р/с
N

Нормативтiк құқықтық кесiмнiң атауы

Кесiмнiң нысаны

Орын-
далу мерзiмi

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

1.

Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу
ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
қаулысы

2005
жылғы
маусым

Еңбекминi

2.

Кәсiптiк аурулар тiзбесiн бекiту туралы

Уәкiлетті органның бұйрығы

2005
жылғы
мамыр

ДСМ

3.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрiнiң 2002 жылғы 1 тамыздағы N 174-б бұйрығымен бекiтiлген Мүгедектіктi куәландырудың, оның себептерiн, топтарын және еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесiн анықтаудың ережесiне өзгерiстермен толықтырулар енгiзу туралы

Уәкiлетті органның бұйрығы

2005
жылғы
маусым

Еңбекминi,
ДСМ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады