Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Швеция Корольдігіне 2004 жылғы 25-26 қазандағы ресми сапары барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 13 мамырдағы N 119-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Швеция Корольдігіне 2004 жылғы 25-26 қазандағы ресми сапары барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды iске асыру және қазақстан-швеция ынтымақтастығын одан әрi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Швеция Корольдiгiне 2004 жылғы 25-26 қазандағы ресми сапары барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары (келiсiм бойынша) және мүдделi ұйымдар Жоспарда көзделген iс-шараларды орындау жөнiнде тиiстi шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi тоқсанына кемiнде бiр рет есептiден кейiнгi айдың 10-күнiне Жоспардың орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар етсiн.

      Премьер-Министр

                                           Қазақстан Республикасы
                                             Премьер-Министрiнiң
                                           2005 жылғы 23 мамырдағы
                                              N 119-ө өкiмiмен
                                                  бекiтiлген

       Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың
      Швеция Корольдігіне 2004 жылғы 25-26 қазандағы ресми
     сапары барысында қол жеткiзілген уағдаластықтарды iске
               асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары

P/c
N

Iс-шара

Орындалу
мерзiмi

Орындалуына
жауаптылар

1

2

3

4

1

Швеция Корольдігінiң
премьер-министрi Горан
Перссонның Қазақстан
Республикасына ресми
сапарын ұйымдастыру
мәселесiн пысықтау.

2005
жылғы
төртiншi
тоқсан

Қазақстан Республи-
касы Сыртқы iстер
министрлігі

2

Қазақстан - Швеция сауда-
экономикалық ынтымақтас-
тығы жөнiндегi үкiмета-
ралық комиссиясын құру
мәселесiн пысықтау.

2005
жылғы
үшiншi
тоқсан

Қазақстан Республи-
касы Индустрия және
сауда министрлігі,
Қазақстан Республи-
касы Сыртқы iстер
министрлiгi

3

Мынадай:
энергетика, мұнай-химия
өнеркәсiбi және iлеспе
өндiрiстер;
 

    мал шаруашылығы және сүт
өндiрiсi (сүт өндiру және
қайта өңдеу "De Laval");

металлургия("Boliden",
"Sandvik" металлургиялық
компанияларының ұсыныс-
тарын қарау);

қаржы секторында (Экс-
порттық кредиттерге
кепiлдiк беру жөнiндегі
швециялық басқарма (ЕКN);
 
 

    жаңа технологиялар
("Ericsson", "АВВ");
 

          жиhаз өндiрiсi ("IКЕА"
компаниясының жиhаз өн-
дiрiсi жөнiндегі тапсы-
рыстарын Қазақстанның
кәсiпорындарына орналас-
тыру, бiрлескен кәсiпо-
рындар құру) салаларында
маманданатын швециялық
компаниялармен өзара
тиiмдi ынтымақтастық
мүмкiндiгiн қарау.

2005
жылғы
үшiншi
тоқсан

Қазақстан Республи-
касы Энергетика және
минералдық ресурстар
министрлігі, Қазақ-
стан Республикасы
Индустрия және сауда
министрлiгі

Қазақстан Республи-
касы Ауыл шаруашылығы
министрлiгi

Қазақстан Республи-
касы Индустрия және
сауда министрлігі
 

  "Қазақстанның Экс-
порттық кредиттердi
және инвестицияларды
сақтандыру жөнiндегі
мемлекеттiк сақтан-
дыру корпорациясы" АҚ

Қазақстан Республи-
касы Индустрия және
сауда министрлiгі,
Қазақстан Республи-
касы Ақпараттандыру
және байланыс агент-
тiгі, "Инжиниринг
және технологиялар
трансферті орталығы"
АҚ (келiсiм бойынша)

Қазақстан Республи-
касы Индустрия және
сауда министрлiгі

4

Швеция тарапымен бiрле-
сiп ғылыми-техникалық
ынтымақтастық, технопарк-
тердi дамыту саласындағы
жобаларды пысықтау.

2005
жылғы
үшiншi
тоқсан

Қазақстан Республи-
касы Индустрия және
сауда министрлігі,
Қазақстан Республи-
касы Энергетика және
минералдық ресурстар
министрлiгі, "Қазақс-
танның Инвестициялық
Қоры" АҚ (келiсiм
бойынша), "Инжиниринг
және технологиялар
трансфертi орталығы"
АҚ (келiсiм бойынша)

5

Мынадай:
Қазақстан Республикасы-
ның Үкiметі мен Швеция
Корольдігі Үкiметiнiң
арасындағы жолаушылар
мен жүктердiң халықара-
лық автомобиль тасымал-
дары туралы;
Қазақстан Республикасы-
ның Үкiметi мен Швеция
Корольдiгi Үкiметi ара-
сындағы инвестицияларды
көтермелеу және өзара
қорғау туралы келiсiмдер-
дiң күшiне енуi үшiн
қажетті мемлекетішілiк
рәсiмдердi аяқтау.

2005
жылғы
төртiншi
тоқсан

Қазақстан Республи-
касы Көлiк және
коммуникациялар
министрлігі
 

    Қазақстан Республи-
касы Индустрия және
сауда министрлігі

6

Қазақстан Республикасын-
да швед экономикасының
және Швеция Корольдiгiн-
де қазақстан экономика-
сының күндерiн өткiзу
мәселелерiн қарау.

2005
жылғы
төртiншi
тоқсан

Қазақстан Республи-
касы Индустрия және
сауда министрлігі

7

Вастерос қаласының
(Швеция Корольдiгі)
Қазақстан қалаларының
бiрiмен бауырластық
байланыстарын орнату жө-
нiнде ұсыныстар енгізу.

2005
жылғы
төртiншi
тоқсан


  Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігі, Қазақстан
Республикасы Сыртқы істер министрлігі. 

8

Қазақстан Республикасы
мен Швеция Корольдiгi
арасындағы ынтымақтастық-
ты дамыту және екi жақты
деңгейде де, халықаралық
өңiрлiк ұйымдар шеңберiн-
де де халықаралық терро-
ризмге және жаппай қырып-
жоятын қаруларды тара-
туға, ұйымдасқан қылмысқа, заңсыз есiрткi айналымына, адамдар саудасы мен заңсыз көшi-қонға қарсы күрес жөнiндегі өз күш-
жiгерлерiн үйлестiру.

2006
жылғы
үшiншi
тоқсан

Қазақстан Республи-
касы Iшкi iстер
министрлігі,
Қазақстан Республи-
касы Қорғаныс
министрлігі,
Қазақстан Республи-
касы Сыртқы iстер
министрлiгі,
Қазақстан Республи-
касы Энергетика және
минералдық ресурстар
министрлігі,
Қазақстан Республи-
касы Ұлттық қауiп-
сiздiк комитетi
(келiсiм бойынша)

9

Келесi екi жақты кезде-
сулер барысында швед та-
рапымен Қазақстан Респу-
бликасындағы экологиялық
зардап шеккен өңiрлердi
оңалту (бұрынғы Семей
полигоны өңiрi және Арал
теңiзi ауданы) және
трансшекаралық су ресур-
старын бөлу мәселесiн
реттеу жобалары жөнiнде
ынтымақтастық мүмкiндi-
гiн қарау.

2006
жылғы
үшiншi
тоқсан

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлiгi
 
  Қазақстан Республи-
касы Ауыл шаруашылығы
министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады