Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң қауiпсiздiк органдары мен арнайы қызметтерi басшылары кеңесінiң он сегiзiншi мәжiлiсiн (бұдан әрi - мәжiлiс) өткiзуге байланысты:
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне мәжiлiске қатысушылардың 2005 жылғы 19-21 мамыр кезеңінде Астана қаласындағы қонақ үйлерде тұруына ақы төлеуге 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 5035668 (бес миллион отыз бес мың алты жүз алпыс сегiз) теңге сомасында қаражат бөлсiн.
Премьер-Министр