Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2005 жылғы 18-19 мамырда Астана қаласында Беларусь Республикасының президентi Александр Григорьевич Лукашенконың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша):
қосымшаға сәйкес Беларусь Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөнiнде қажеттi ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2005 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Беларусь Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнiң Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бірге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгіленген тәртiппен:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен және Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, Беларусь Республикасының президентi Александр Григорьевич Лукашенконың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.
6. Астана қаласының әкiмi Беларусь Республикасының ресми делегациясын қарсы алуды және шығарып салуды, Астана қаласының әуежайы мен көшелерiн безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана қаласының әуежайында Беларусь Республикасының президентi Александр Григорьевич Лукашенконы қарсы алу және шығарып салу рәсiмiне қатыссын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан қабылдау кезiнде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
8. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгіне жүктелсін.
Премьер-Mинистр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2005 жылғы 17 мамырдағы
N 125-ө өкiмiне
қосымша
Беларусь Республикасы ресми делегациясының мүшелерiне қызмет
көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары
1. Беларусь Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн және бiрге жүретiн адамдарды Астана қаласының қонақ үйiне орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн ресми делегация мүшелерiн орналастыратын жерлерге жайғастыру.
3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
4. Беларусь Республикасы ресми делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
5. Беларусь Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезiнде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру.
6. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың атынан Беларусь Республикасының президентi А.Лукашенконың құрметiне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
7. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Д.Ахметовтiң Беларусь Республикасының президентi А.Лукашенкомен Астана қаласында таңертеңгілiк асын ұйымдастыру.
8. Ресми делегацияның мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.