"Республикалық маңызы бар мемлекеттiк қорық аймақтарын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 наурыздағы N 382 қаулысының 3-тармағын орындау үшiн:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiмен және Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгімен бiрлесiп:
1) 2005 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде алаңы 4000 гектар аумақтағы "Заречное" кен орнының жұмыс iстейтiнiн ескере отырып, республикалық маңызы бар Арыс және Қарақтау мемлекеттiк қорық аймағының шекарасын нақтыласын;
2) 2005 жылдың аяғына дейiн жалпы алаңы 4000 гектар жер учаскесiн Оңтүстiк Қазақстан облысы Отырар ауданының жер қоры санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнiң санатына республикалық маңызы бар Арыс және Қарақтау мемлекеттік қорық аймағына ауыстыру жөнiндегi материалдарды дайындауды қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, 2005 жылдың аяғына дейiн заңнамада белгiленген тәртiппен "Шетелдiк инвестициялармен Қазақстан-Ресей-Қырғыз бiрлескен кәсiпорны "Заречное" акционерлiк қоғамының "Заречное" кен орнын игеруiн ескере отырып, республикалық маңызы бар Арыс және Қарақтау мемлекеттiк қорық аймағы үшiн қосымша арнайы экологиялық талаптар енгiзсiн.
3. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлiк қоғамына (келiсiм бойынша) осы өкімде көзделген iс-шаралардың қаржыландырылуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Премьер-Министр