Ресей Федерациясының президентi В.В.Путиннiң Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 1 маусымдағы N 154-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2005 жылғы 2 - 3 маусымда Байқоңыр қаласында "Байқоңыр" ғарыш айлағының 50 жылдығын мерекелеу шеңберiнде Ресей Федерациясының президентi Владимир Владимирович Путиннің Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қызылорда облысының әкiмi 1-қосымшаға сәйкес Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру шараларын қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы (келiсiм бойынша):
      2-қосымшаға сәйкес Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2005 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметiн қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен сапарды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Ресей Федерациясының ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ Ресей Федерациясының президентi Владимир Владимирович Путиннiң арнайы ұшағын күзетудi қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлiгiмен бiрлесiп, арнайы ұшақтың Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуiн, Байқоңыр қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Байқоңыр қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.

      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Ресей Федерациясының президентi Владимир Владимирович Путиндi Байқоңыр қаласының әуежайында қарсы алу мен шығарып салу рәсiмiне қатыссын, Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың атынан ресми қабылдау кезiнде концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын.

      8. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрiнiң   
2005 жылғы 1 маусымдағы 
N 154-ө өкiмiне     
1-қосымша        

Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелерiне
қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелерiн (1+10) Байқоңыр қаласының қонақ үйiне орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету, сондай-ақ бiрге жүретiн адамдарды орналастыруда және оларға көлiктiк қызмет көрсетудi қамтамасыз етуде жәрдем көрсету.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнің қызметкерлерiн ресми делегация мүшелерi орналасқан жерлерге орналастыру.
      3. Ресей Федерациясының ресми делегациясын Байқоңыр қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      4. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың атынан Ресей Федерациясының президентi B.B. Путиннiң құрметiне Байқоңыр қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрiнiң   
2005 жылғы 1 маусымдағы 
N 154-ө өкiмiне     
2-қосымша        

Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелерiне
қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      2. Ресей Федерациясы ресми делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      3. Ресми делегацияның мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады