"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне инвестициялар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 4 мамырдағы Заңын (бұдан әрi - Заң) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Заңның күшiне енген күнiнен бастап екi ай мерзiмде "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгізсiн және "Инвесторлардың қызметiне бақылау және мониторингтi жүзеге асырудың Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестиция комитетi төрағасының 2003 жылғы 26 наурыздағы N 19-П бұйрығына өзгерiстер енгізудi қамтамасыз етсiн.
Премьер-Министр