Мемлекет басшысының злектрондық сайлау жүйесiн одан әрi жетiлдiруге бағытталған тапсырмаларын орындау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 27 маусымдағы N 178-ө Өкімі

      Сайлаушылардың тiзiмдерiн қалыптастыру әдiстемесiн және электрондық сайлау жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында:

      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекет басшысының электрондық сайлау жүйесiн одан әрi жетiлдiруге бағытталған тапсырмаларын орындау жөнiндегі iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының басшылары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (келiсiм бойынша) Жоспарда көзделген iс-шаралардың iске асырылуын қамтамасыз етсiн.

      3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы A.A.Тiлеубердинге жүктелсiн.

       Премьер-Министр

                                            Қазақстан Республикасы
                                              Премьер-Министрiнiң
                                           2005 жылғы 27 маусымдағы
                                               N 178-ө өкімiмен
                                                  бекiтiлген

    Мемлекет басшысының электрондық сайлау жүйесiн одан әрi
   жетiлдiруге бағытталған тапсырмаларын орындау жөнiндегi
                      iс-шаралар жоспары 

       Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрiнiң 2006.04.06.  N 86 өкімімен. 

Р/с
N

Iс-шаралар

Мерзiмi

Аяқтау
нысаны

Жауапты
орындау-
шылар

Қаржы-
ландыру
көзi

1

2

3

4

5

6

І. Азаматтардың бiрыңғай электрондық тіркеу тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi iс-шаралар

1.1

"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заң жобасын енгізу

2006 жылғы
3-
тоқсан

Заң жобасын Қазақстан
Республи-
касының
Парламен-
тіне енгізу

Қазақстан
Республи-
касы
Әдiлет министрлi-гi

Талап етіл-
мейді

1.2

"Жеке тұлғалар" мемлекеттiк дерекқорын және "Мекен-жай тiркелiмi" жүйесiн құру жөнiндегi жұмысты жалғастыру

2007 жылғы 4-тоқсан

Қазақстан Республи-
касының Үкiметiне ақпарат беру

Қазақстан Республи-
касы Ақпарат-
тандыру және байланыс агенттiгi

342362,5 мың теңге сомасын-
дағы 005
"Мемле-
кеттік
деректер
базасын
құру"
респуб-
ликалық
бюджет-
тік
бағдар-
лама

1.3  

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына халық-
ты есепке алуды жүзеге асыратын жергiлiктi орган-
дардың ақпаратымен салыстырылған мәлiметтердiң негiзiнде электрон-
дық жеткiзгiштер-
дегі сайлаушылар туралы мәлiметтер-
дi беру

Жыл сайын
1 шілде мен 1
қаңтарға және Қазақстан Республи-
касы Орталық сайлау комиссия-
сының сұрау салуы бойынша

Сайлаушы-
лардың тiзiмi

Облыстар-
дың, Астана, Алматы қалалары-
ның
әкімдері

Талап
етіл-
мейді

1.4

Қазақстан Республикасының сайлаушы-азаматта-
рының бiрыңғай электрондық тiркеу тiзiлiмiн өзектi ету жөнiндегі жұмысты ұйымдастыру

2005 жылғы
3-тоқсан

Азаматтар-
дың электрон-
дық тiркеу тiзiлiмi

Облыстар-
дың,
Астана, Алматы қалалары-
ның әкiмдерi, Қазақстан
Республи-
касы
Орталық
сайлау
комиссиясы
(келiсiм
бойынша)

Талап
етіл-
мейді

1.5

Мекен-жай тiркелi-
мiн жүргiзудiң тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық кесiм дайындау

2005 жылғы 3-тоқсан

Норматив-
тiк құқықтық кесiм

Қазақетан
Республи-
ликасы Ақпарат-
тандыру және байланыс агенттiгi, Қазақстан
Республи-
касы
Әдiлет министр-
лiгi

Талап
етіл-
мейді

        IІ. Штрих-кодтарды жапсыру жөнiндегi iс-шаралар

2.1

Облыстық әкiмдiктердi штрих-кодтарды жапсыру үшін тізімдер жасау жөніндегі формат-
пен, штрих-кодтар-
ды қалыптастыру және басып шығару жөніндегі бағдарла-
малық қамтамасыз етумен, төлқұжат-
тық дерекқордан ақпаратпен қамта-
масыз ету

2005 жылғы 3-тоқсан

Қазақстан
Республи-
касының Үкiметiне ақпарат беру

Қазақстан
Республи-
касы Орталық сайлау комиссия-
сы (келiсiм бойынша)

Талап етіл-
мейді

2.2

Штрих-кодты қалыптастырудың және басып шығарудың тәртiбi туралы нұсқаулық әзiрлеу, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдiк-
терiнiң өкілдерiн оқытуды жүргізу

2005 жылғы 3-тоқсан

Нұсқаулық,оқыту жөнiнде
курстар өткiзу

Қазақстан Республи-
касы Орталық сайлау комиссия-
сы (келiсiм бойынша)

16291
мың
теңге сомасын-
дағы 001 "Сайлау өткiзудi ұйымдас-
тыру" респуб-
ликалық бюджет-
тiк бағдар-
лама

2.3

Жергілiктi
жерлерде штрих-
кодтарды қалыптас-
тыру, басып шығару
және жапсыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру

2005 жылғы 3-тоқсан

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына ақпарат беру

Облыстар-
дың, Астана, Алматы қалалары-
ның әкiмдерi

Жергі-
лікті
бюджет

2.4

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлігін және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясын Штрих-кодтарды жапсыру жөнiндегi жұмыстардың барысы туралы хабардар ету

Ай сайын
және
Қазақстан
Республи-
касы Президен-
тi 
Әкiмшілі-
гiнің
сұрау салуы
бойынша

Қазақстан
Республи-
касы Президен-
тiнiң
Әкімшiлi-
гіне және
Қазақстан
Республи-
касының
Орталық
сайлау
комиссия-
сына
ақпарат
беру

Облыстар-
дың, Астана, Алматы қалалары-
ның әкiмдерi

Талап
етіл-
мейді

ІІІ. "Инженерлiк-техникалық орталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру

3.1

Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлiк-техника-
лық орталығы" республикалық
мемлекеттiк кәсiпорынын құру

2005 жылғы
шілде

Қазақстан
Республи-
касының
Yкiметi
қаулысының жобасы

Қазақстан
Республи-
касы
Орталық
сайлау комиссиясы
(келiсiм бойынша)

9710 мың
теңге сомасын-
дағы 003
"Инже-
нерлiк техни-
калық орталық
құру"
респуб-
ликалық
бюджет-
тiк
бағдар-
лама

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады