II Азаматтық форумды өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Рсепубликасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 6 шілдедегі N 187-ө Өкімі

      Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастығын одан әрі жетілдіру мақсатында:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда II Азаматтық форумды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылсын.

      2. Облыстар мен Алматы қаласының әкімдеріне II Азаматтық форумға қатысушылардың iccaпap шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Есімовке жүктелсін.

       Премьер-Министр

                                            Қазақстан Республикасы
                                              Премьер-Министрінің
                                            2005 жылғы 6 шілдедегі
                                            N 187-ө өкіміне қосымша

       II Азаматтық форумды дайындау және өткізу жөніндегі
                 ұйымдастыру комитетінің құрамы

Есімов                    - Қазақстан Республикасы
Ахметжан Смағұлұлы          Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

Қосыбаев                  - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Есетжан Мұратұлы            ақпарат және спорт министрі,
                            төрағаның орынбасары

Сиврюкова                 - Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары
Валентина Андреевна         конфедерациясының президенті (келісім
                            бойынша), төрағаның орынбасары

Әбділдин                  - Қазақстан Республикасының Парламенті
Жабайхан Мүбәракұлы         Сенатының Халықаралық істер,
                            қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің
                            төрағасы (келісім бойынша)

Әйтімова Бірғаным         - Қазақстан Республикасының Білім және
Сарықызы                    ғылым министрі

Балиева Зағипа Яхияқызы   - Қазақстан Республикасының Әділет
                            министрі

Досаев                    - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Ерболат Асқарбекұлы         сақтау министрі

Қарақұсова                - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлжан Жанпейісқызы         халықты әлеуметтік қорғау министрі

Самақова                  - Қазақстан Республикасының Қоршаған Айткүл Байғазықызы          ортаны қорғау министрі

Тоқаев                    - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Қасымжомарт Кемелұлы        министрі

Тұрысбеков Зауытбек       - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Қауысбекұлы                 министрі

Қалетаев                  - Қазақстан Республикасы Президентінің 
Дархан Аманұлы              Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси
                            бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)

Куанғанов                 - Қазақстан Республикасы
Фархад Шаймұратұлы          Премьер-Министрінің Кеңсесі
                            Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің
                            меңгерушісі

Ысқақова Саида            - Қазақстан Республикасы Президентінің
Қуанқызы                    жанындағы Отбасы және әйелдер
                            ici жөніндегі ұлттық комиссия
                            Хатшылығының меңгерушісі (келісім
                            бойынша)

Досжан                    - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ардақ Дүкенбайұлы           ақпарат және спорт вице-министрі

Мұстафина                 - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Сәбила Сапарқызы

Бахмутова                 - Жас көшбасшылар қауымдастығының
Наталья Ивановна            президенті (келісім бойынша)

Қарауылова                - Қазақстан баспасөз клубының президенті
Әсел                        (келісім бойынша)

Қожахмет                  - "Қазақстан жастарының конгресі" заңды
Мадияр Дүйсенбайұлы         тұлғалар бірлестігінің
                            атқарушы директоры (келісім бойынша)

Кулик                     - "Зубр" қоры корпорациясының төрағасы
Виталий Олегович            (келісім бойынша)

Мұхамеджанов              - "Қазіргі заман саясатының халықаралық
Бектас Ғафурұлы             институты" қоғамдық қорының бас
                            директоры (келісім бойынша)

Нәбиева                   - "ДжБӘҚ" қоғамдық бірлестігінің директоры
Гүлзи Әскенқызы             (келісім бойынша)

Соловьева                 - Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағының
Айгүл Сағадыбекқызы         тең төрағасы (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады