"Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 25 шілдедегі N 205-ө Өкімі

      "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 маусымдағы  Заңын  (бұдан әрi - Заң) iске асыру мақсатында:

      1. Қоса берілiп отырған Заңды iске асыру мақсатында қабылдануы қажеттi нормативтік құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметін хабардар етсiн.

      Премьер-Министр

                                         Қазақстан Республикасы
                                          Премьер-Министрiнiң
                                        2005 жылғы 25 шілдедегі
                                            N 205-ө өкiмiмен
                                                бекiтiлген

         "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы"
    Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында
     қабылдануы қажетті нормативтік құқықтық кесімдердің
                            тiзбесi

Р/с
N

Нормативтiк құқықтық кесiмнiң атауы

Кесiмнiң нысаны

Орындалу мерзiмi

Орын-
дауға
жауапты мемле-
кеттiк
орган

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасында
валюталық операцияларды
жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы

ҚРҰБ
Басқар-
масының қаулысы

2005
жылғы
қараша

ҚРҰБ
(келiсiм бойынша)

2

Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместердiң валюталық операцияларының мониторингiн жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы (валюталық мониторинг)

ҚРҰБ
Басқар-
масының қаулысы

2005
жылғы
қараша

ҚРҰБ
(келiсiм бойынша)

3

Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасына бөлшек сауданы жүзеге асыруды және қызметтер көрсетудi лицензиялау ережесiн бекiту туралы

ҚРҰБ
Басқар-
масының қаулысы

2005
жылғы
қараша

ҚРҰБ
(келiсiм бойынша)

4

Әкетілетiн қолма-қол шетел валютасының шығу заңдылығын растайтын құжаттардың тiзбесi
туралы

ҚРҰБ
Басқар-
масының қаулысы

2005
жылғы
қараша

ҚРҰБ
(келiсiм бойынша)

5

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 13 маусымдағы N 229 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының валюталық заңнамаларын сақтау мәселелерi жөнiнде тексерулер ұйымдастыру және жүргізу ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

ҚРҰБ
Басқар-
масының қаулысы

2005
жылғы
қараша

ҚРҰБ
(келiсiм бойынша)

6

Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 13 мамырдағы
N 221 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы жол жүретiн жеке адамдардың шетелдiк және ұлттық валюталарды декларация-
лауының ережесiне өзге-
рiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

ҚР Қаржыминi
КБК бұйрығы

2005
жылғы
желтоқ-
сан

ҚР
Қаржыминi
КБК

7

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру  туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

ҚРҰБ
Басқар-
масының қаулысы

2005
жылғы
қараша

ҚРҰБ
(келiсiм бойынша)

8

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 5 қыркүйектегі N 343 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрінің 2001 жылғы 10 қазандағы N 1409 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықты-
рулар енгiзу туралы

ҚРҰБ
Басқар-
масының қаулысы
ҚР Қаржыминi
КБК бұйрығы

2005
жылғы
қараша

ҚРҰБ
(келiсiм бойынша)
ҚР
Қаржыминi
КБК

      Ескерту: аббревиатураларды ашып жазу:
      ҚРҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi;
      ҚР Қаржыминi КБК - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады