"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 13 тамыздағы N 226-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 2 маусымдағы  Заңын  iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары және өзге де мемлекеттiк органдары (келiсiм бойынша) екi ай мерзiмде тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеудi, бекiтудi және қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттік тiркеуге жiберудi қамтамасыз етсiн және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Yкiметiн хабардар етсін.

       Премьер-Министрдің
      мiндетiн атқарушы

                                        Қазақстан Республикасы
                                         Премьер-Министрінің
                                       2005 жылғы 13 тамыздағы
                                            N 223-ө өкiмiмен
                                                бекiтілген

        "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан
      Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар
       енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын
           iске асыру мақсатында қабылдануы қажет
          нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі

Р/с
N

Нормативтiк
құқықтық кесiмнiң
атауы

Кесiмнің
нысаны

Жауапты
орындау-
шылар

Орындалу
мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасы
теңiзшiсiнiң
паспортын ресiмдеу,
беру, мерзiмiн ұзарту,
сондай-ақ алып қою
ережесiн бекiту
туралы

Қазақстан
Республи-
касы
Үкiметiнiң
қаулысы

ККМ,
СІМ,
ІІМ,
ҰҚК
(келi-
сiм
бойы-
нша)

2005 жылғы
қазан

2.

Шет мемлекеттiң туын
көтеріп жүзетін
кемелердiң каботажды
жүзеге асыруына рұқ-
саттар беру ережесiн
бекiту туралы

Қазақстан
Республи-
касы
Үкiметiнiң
қаулысы

ККМ

2005 жылғы
қазан

3.

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің 2003 жылғы
17 қаңтардағы N 49
қаулысына өзгерiстер
мен толықтырулар
енгiзу туралы

Қазақстан
Республи-
касы
Үкiметiнiң
қаулысы

ККМ

2005 жылғы
қазан

4.

Қазақстан Республика-
сының теңiз портта-
рында және оларға
кiреберiстерде
кемелердiң жүзу және
тұру ережесiн бекiту
туралы

Уәкілетті
органның
бұйрығы

ККМ

2005 жылғы
қазан

      * Шартты белгiлер мен қысқартулар:
      ККМ - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi
      СIМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
      ІІМ - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
      ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсiздiк комитетi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады