"Жалғыз терезе" қағидаты бойынша халыққа мемлекеттiк қызмет көрсетудiң кейбiр мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 256-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 наурыздағы N 210  қаулысымен  бекiтiлген "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы  Жолдауын  iске асыру жөнiндегі Жалпыұлттық iс-шаралар жоспарын орындаудың желілік кестесiнiң 57.10-тармағына сәйкес:

      1. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында "жалғыз терезе" қағидатын iске асыру мақсатында қоса берілiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi жұмыс жоспары (бұдан әрi - 1-жоспар);
      2) Қазақстан Республикасының заңға тәуелдi кесiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу жөнiндегі жұмыс жоспары (бұдан әрi - 2-жоспар) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет, Қаржы министрлiктерi және Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiне және Қазақстан Республикасының Үкiметiне заң жобаларын 1-жоспарда белгiленген айдың 20-сы күнiнен кешiктірмей ұсынсын;
      2) 2-жоспарға сәйкес нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеудi, бекiтудi және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне мемлекеттiк тiркеуге жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне жүктелсiн.

       Премьер-Министр

                                         Қазақстан Республикасы
                                           Премьер-Министрінің
                                        2005 жылғы 15 қыркүйектегі
                                             N 256-ө өкімімен
                                                бекітілген

        Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне
         өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегі
                        жұмыс жоспары

Р/с
N

Заң жобасының атауы

Әзiрлеушi мемлекет-
тiк орган

Ұсыну мерзiмi

Жауапты
 тұлға

Әділет-минi

Үкімет

Парла-
мент


Қазақстан
Республикасының
кейбiр заңнама-
лық кесiмдерiне
"Жалғыз терезе"
қағидаты
бойынша халыққа
қызмет көрсету
орталықтарының
жұмыс iстеуi
(қызметi) мәсе-
лелерi бойынша
толықтырулар
мен өзгерiстер
енгiзу туралы

Әдiлетминi

2005
жылғы
қараша

2005 жылғы желтоқ-
сан 

2006 жылғы қаңтар  

C.M.
Бекбосынов

      Аббревиатураның толық жазылуы:
      Әдiлетминi - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi

                                         Қазақстан Республикасы
                                           Премьер-Министрінің
                                        2005 жылғы 15 қыркүйектегі
                                             N 256-ө өкімімен
                                                бекітілген
 

      Қазақстан Республикасының заңға тәуелдi кесімдеріне
  өзгерiстер мен толықтырулар енгізу жөнiндегi жұмыс жоспары

Р\с
 N

Нормативтiк құқықтық кесiмнiң атауы

Кесiмнiң нысаны

Орындалу мерзiмi

Орындауға жауапты мемлекет-
тiк орган

1

2

3

4

5

1

"Паспорттар, жеке
куәлiктер мен азаматтық
хал актілерiндегi
Қазақстан Республикасы
азаматтарының ұлты
туралы жазбаны өзгерту
Ережелерiн бекiту
туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң 1992 жылғы
17 тамыздағы N 684
қаулысына өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу
туралы

Үкiмет қаулысы

Қазақстан
Республикасы-
ның кейбiр
заңнамалық
кесімдеріне
"Жалғыз
терезе" қағи-
даты бойынша
халыққа қызмет
көрсету
орталықтарының
жұмыс iстеуi
(қызметi)
мәселелерi
бойынша
толықтырулар
мен өзгерiстер
енгiзу туралы"
Қазақстан
Республикасы-
ның заңы
қабылданған
күнiнен
бастап екi ай
iшiнде


Әдiлет
минiнiң
ТҚК

"Қазақстан Республикасы
Президентiнің 1995 жылғы
25 желтоқсандағы N 2727
Заң күшi бар Жарлығын
iске асыру жөнiндегi
шаралар туралы"
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1997 жылғы
20 ақпандағы N 236
қаулысына өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу
туралы

Үкiмет қаулысы

Әдiлет
минiнiң
ТҚК

3

"Қазақстан
Республикасында
азаматтық хал актiлерi
жазбаларын өзгерту,
қалпына келтiру және
жою туралы ереженi,
азаматтық хал актілерін
тiркеу кітаптарының
нысандарын және осы
кiтаптардағы жазбалардың
негізiнде берiлетiн
куәлiктердiң нысандарын
және Қазақстан
Республикасында
азаматтық хал актiлерiн
тiркеу тәртiбi туралы
ережелердi бекiту
туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң
1999 жылғы 22 мамырдағы
N 620 қаулысына
өзгерiстер мен толықты-
рулар енгiзу туралы

Үкiмет қаулысы

Әдiлет-
минiнiң
ТҚК

4

"Қазақстан Республикасы-
ның халқын құжаттандыру
және тiркеу ережесiн
бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2000 жылғы
12 шілдедегі N 1063
қаулысына өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу
туралы

Үкiмет қаулысы

Әдiлет-
минiнiң
ТҚК

5

"Қазақстан Республика-
сында мемлекеттiк жер
кадастрын жүргізудiң
ережесiн бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2003 жылғы
20 қыркүйектегi N 958
қаулысына өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу
туралы

Үкiмет қаулысы

ЖРА

6

"Медициналық мекемелер-
дiң, азаматтық хал 
актiлерiн тiркеу
органдарының, әлеуетті
құрылымдар мен
зейнетақыларды және
жәрдемақыларды
республикалық бюджеттiң
қаражаты есебiнен
жүзеге асыратын
ұйымдардың тиiстi
қызметтерiнiң құжат
айналымдарын,  қайтыс
болу, Қазақстан
Республикасынан тыс 
жерлерге тұрақты тұру
үшiн көшiп кету
фактiлерiн растайтын
құжаттарды тiркеу мен
ұсынуды уақытында
қамтамасыз ету жөнiндегі
өзара iс-әрекеттерi
туралы" Қазақстан
Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік
қорғау министрiнiң 2000
жылғы 5 мамырдағы N
106-П, Қазақстан
Республикасы Әдiлет
министрiнiң 2000 жылғы
1 тамыздағы N 75 және
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау iсi
жөнiндегi агенттiгi
төрағасының 2000 жылғы
15 мамырдағы N 291
бiрлескен бұйрығына
өзгерiстер енгiзу туралы

Еңбек
және
халықты
әлеумет-
тік
қорғау
министрi-
нiң,
Әдiлет
министрi-
нiң және
Денсаулық
сақтау
министрi-
нiң
бiрлескен
бұйрығы

Еңбекминi,
Әдiлетми-
нi, ДСМ

7

"Салық төлеушiнi
қосылған құн салығы
бойынша есепке қою,
қосылған құн салығы
бойынша есепке қою
туралы куәлікті беру және қосылған құн салығын төлеушіні қосылған құн салығы бойынша есептен шығару ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Кіріс министрінің 2001
жылғы 15 желтоқсандағы
N 1736 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы

Қаржы
министр-
лiгiнiң
Салық
комитетi
төраға-
сының
бұйрығы

Қаржыми-
нiнiң СК

8

"Қазақстан Республикасы-
ның салық төлеушiлердiң
мемлекеттік тiркеу және
тiркеу есебінің Ережесiн
бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы
Кiрiс министрiнiң 2002
жылғы 22 ақпандағы N 279
бұйрығына өзгерiстер
енгiзу туралы

Қаржы
министр-
лiгiнiң
Салық
комитетi
төраға-
сының
бұйрығы

Қаржыми-
нiнiң СК

9

"Дербес шоттарды
жүргiзу ережелерiн
бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
Салық комитетi
төрағасының 2003 жылғы
23 желтоқсандағы N 530
бұйрығына өзгерiстер
енгiзу туралы

Қаржы
министр-
лiгiнiң
Салық
комитетi
төраға-
сының
бұйрығы

Қаржыми-
нiнiң СК

10

"Қазақстан Республикасы-
ның халқын құжаттандыру
және тiркеу ережесiн
әдiлет органдарының
қолдануы жөнiндегi
нұсқаулықты бекiту
туралы" Қазақстан
Республикасы Әдiлет
министрiнің 2005 жылғы
4 наурыздағы N 74
бұйрығына өзгерiстер
енгiзу туралы

Әдiлет
министрі-
нің
бұйрығы

Әдiлетминi

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      1. Әдiлетминiнiң ТҚК - Қазақстан Республикасы Әдiлет
министрлігінің Тiркеу қызметi комитетi
      2. ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару
агенттiгі
      3. Еңбекминi - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлiгi
      4. Әдiлетминi - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
      5. ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi
      6. СIМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
      7. Қаржыминiнiң СК - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Салық комитетi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады