Қырғыз Республикасының премьер-министрi Ф.Ш.Куловтың Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 12 қазандағы N 290-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және Қырғыз Республикасының премьер-министрi Феликс Шаршенбайұлы Куловтың 2005 жылғы 13 қазанда Астана қаласына жұмыс сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша):
      қосымшаға сәйкес Қырғыз Республикасы делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2005 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметiн қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша), Қырғыз Республикасының делегациясы мүшелерiнiң Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен және Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, Қырғыз Республикасының премьер-министрi Феликс Шаршенбайұлы Куловтың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етудi қамтамасыз етсiн.

      6. Астана қаласының әкiмi Қырғыз Республикасы делегациясының болатын орындарында қарсы алу және шығарып салу, сондай-ақ Астана әуежайын безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын орындауды қамтамасыз етсiн.

      7. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана қаласының әуежайында Қырғыз Республикасының премьер-министрi Феликс Шаршенбайұлы Куловты қарсы алу және шығарып салу рәсiмiне қатыссын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Даниал Кенжетайұлы Ахметовтiң атынан қабылдау кезiнде концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын.

      8. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнiң  
2005 жылғы 12 қазандағы
N 290-ө өкiмiне   
қосымша        

Қырғыз Республикасы делегациясының мүшелерiне
қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. Қырғыз Республикасы делегациясының мүшелерiн Астана қаласының "RIXOS президент" қонақ үйiнде 1+5 форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiн Астанадағы "RIXOS президент" қонақ үйiнде орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Қырғыз Республикасы делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Қырғыз Республикасының делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Даниал Кенжетайұлы Ахметовтiң атынан Қырғыз Республикасының премьер-министрi Феликс Шаршенбайұлы Куловтың құрметiне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
      7. Делегация мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады