2005 жылғы 19 шілдеде Брюссель қаласында "Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ" ынтымақтастық кеңесiнiң жетiншi отырысы барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 1 қарашадағы N 310-ө Өкімі

      2005 жылғы 19 шiлдеде Брюссель қаласында өткiзiлген "Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ" ынтымақтастық кеңесiнiң жетiншi отырысы барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды iске асыру және Еуропалық Одақпен екi жақты қатынастарды одан әрi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қоса берiлiп отырған 2005 жылғы 19 шiлдеде Брюссель қаласында "Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ" ынтымақтастық кеңесiнiң жетiншi отырысы барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары Жоспарда көзделген iс-шараларды iске асыру жөнiндегi тиiстi шараларды қабылдасын және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiн уақтылы хабардар етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi тоқсанына кемiнде бiр рет есептіден кейінгі айдың 10-күніне Қазақстан Республикасының Yкiметiн Жоспардың орындалу барысы туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр

                                             Қазақстан Республикасы
                                               Премьер-Министрiнiң
                                            2005 жылғы 1 қарашадағы
                                                 N 310-ө өкiмiмен
                                                     бекiтiлген

           2005 жылғы 19 шiлдеде Брюссель қаласында
   "Қазақстан Республикасы - Европалық Одақ" ынтымақтастық
    кеңесiнiң жетiншi отырысы барысында қол жеткiзiлген
  уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шараның атауы

Орындау
мерзiмi

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

1

Еуропалық Одақтың Қазақстанға нарықтық
экономикасы бар ел мәртебесiн беруi туралы
мәселенi Еуропалық Одақтың демпингке қарсы
тергеулердi жүргiзуi кезiнде пысықтау

Тұрақты

Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрлiгі, Қазақстан
Республикасы Экономика
және бюджеттiк
жоспарлау министрлiгi

2

Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Атом энергиясы жөнiндегi Еуропалық Қоғамдастық арасында Атом энергиясын бейбiт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi жасасу мәселесiн пысықтау

2006 жылғы
II тоқсан

Қазақстан Республикасы
Энергетика және
минералдық ресурстар
министрлiгi

3

"Жасыл карта" халықаралық сақтандыру жүйесiне Қазақстан
Республикасының
қосылуына Еуропалық
Одақтың ықпал ету
мүмкiндiгі және
Қазақстан
Республикасының кәсiпқой
жүргізушiлерi үшiн
Шенген аумағындағы
визалық режимдi
жеңiлдету мүмкiндiгі
жөнiндегi ұсыныстар
туралы мәселенi пысықтау

2006 жылғы
II тоқсан

Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуника-
ция министрлiгi

4

Қазақстан Республикасының
Yкiметi мен Еуропалық
Қоғамдастық арасындағы
Халықаралық әуе тасымалдары саласында
жаңа келiсiм жасасу
туралы мәселенi пысықтау

2006 жылғы
I жарты жылдық

Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуника-
ция министрлiгi

5

Қазақстан
Республикасының белгiлi
бiр ауыл шаруашылығы
тауарларының еуропа
нарығына қол жетiмдi-
лігін қамтамасыз ету
жөнiндегi қажеттi
құжаттарды одан әрi қарау үшiн Еуропалық
Одаққа жолдау туралы мәселенi пысықтау

Тұрақты, еуропа
тарабымен
келiсiм бойынша

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлiгi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады