"Байқоңыр" кешенінің Қазақстан Республикасының мүддесі үшін одан әрі пайдалану перспективалары бар, сондай-ақ есептен шығаруға жататын объектілерін анықтау үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 344-ө Өкімі

      1. "Байқоңыр" кешенінің Қазақстан Республикасының мүддесі үшін одан әрі пайдалану перспективалары бар, сондай-ақ есептен шығаруға жататын объектілерін анықтау мақсатында мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Батырғажин                - Қазақстан Республикасы Білім және
Азамат Байқуанышұлы         ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті
                            төрағасының орынбасары, жетекші

Әжмолдаев                 - Қазақстан Республикасы Қаржы
Мағауия Әділжанұлы          министрлігі Байқоңыр аумақтық
                            мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
                            комитетінің төрағасы, жетекшінің
                            орынбасары

Молдабеков                - "Қазғарыш" ұлттық компаниясы"
Мейірбек Молдабекұлы        акционерлік қоғамы басқармасының
                            мүшесі, жетекшінің орынбасары
                            (келісім бойынша)

Шаймағамбетов             - Қазақстан Республикасы Білім және
Еркін Мұстафаұлы            ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті
                            "Байқоңыр" ғарыш айлағының басқарма
                            бастығы, хатшы

Тайжанов                  - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Жұма Дауылбайұлы            министрлігінің құрылыс және әскерлерді
                            пәтерлерге орналастыру бас басқармасы
                            бастығының орынбасары

Қасымбеков                - Қазақстан Республикасы Әділет
Нариман Бауыржанұлы         министрлігі халықаралық құқық
                            басқармасының бас маманы

Шымырбаев                 - "Қазғарыш" ұлттық компаниясы"
Марат Қатубайұлы            акционерлік қоғамы ғарыштық
                            техниканың мамандандырылған
                            конструкторлық-технологиялық бюросының
                            директоры (келісім бойынша)

Нұрғалиев                 - "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен
Ерғазы Мейірғалиұлы         кәсіпорны" акционерлік қоғамы бас
                            директорының орынбасары
                            (келісім бойынша)

Жантаев                   - "Астрофизикалық зерттеулер орталығы"
Жұмабек Шәбденұлы           республикалық мемлекеттік кәсіпорнының
                            бас директоры (келісім бойынша).

      2. Жұмыс тобы екі ай мерзімде сол жерге барып, "Байқоңыр" кешенінің Қазақстан Республикасының мүддесі үшін одан әрі пайдалану перспективалары бар, сондай-ақ есептен шығаруға жататын объектілерін анықтасын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар берсін.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады