Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына Жолдауының (бұдан әрi - Жолдау) ережелерiн бұлжытпай және уақтылы орындау мақсатында:
1. Мыналар:
ай сайын айдың соңғы сәрсенбiсiнде Жолдауды iске асыру мәселелерi Премьер-Министрде өтетiн кеңестерде қаралады;
ай сайын айдың әрбiр екiншi сәрсенбiсiнде Жолдауды iске асыру мәселелерi Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысында өтетiн кеңестерде қаралады;
апта сайынғы бақылауды қамтамасыз ету үшiн қосымшаға сәйкес құрамда Жұмыс тобы құрылады деп белгiленсiн. Жұмыс тобы Жолдау ережелерiн орындаудың жай-күйiнiң апта сайынғы мониторингiн, оны iске асыру жөнiндегi Жалпыұлттық iс-шаралар жоспарының және Жалпыұлттық жоспардың iс-шараларын орындаудың желілiк кестесiн қамтамасыз етсiн;
Жолдау ережелерiн iске асыру мәселелерi тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мәжілiстерiнде қаралады деп белгiленсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары:
Жұмыс тобының талап етуi бойынша бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi материалдарды ұсынсын;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң қатысуымен өткен кеңестiң 2005 жылғы 18 ақпандағы N 01-7.3 хаттамасын ескере отырып, Жолдаудың орындалуын бақылауды ұйымдастыруды осылайша қамтамасыз етсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2005 жылғы 28 ақпандағы
N 39-ө-1 өкiмiне
қосымша
Жұмыс тобының
ҚҰРАМЫ
Ескерту. Құрам толықтырылды - ҚР Премьер-Министрiнiң 2005.03.30. N 69 өкiмiмен.
Смағұлов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Қайрат Молдрахманұлы Министрiнiң Кеңсесi Басшысының
орынбасары, жетекшi
Тоқаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ақбар Қуанышбайұлы Министрiнiң Кеңсесi Жиынтық талдау
бөлiмiнiң меңгерушiсi
Қуанғанов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Фархад Шаймұратұлы Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени
даму бөлiмiнiң меңгерушiсi
Котенко - Қазақстан Республикасы Премьер-
Наталья Леонидовна Министрiнiң Кеңсесi Экономика
бөлiмiнiң меңгерушiсi
Райымбеков - Қазақстан Республикасы Премьер-
Сайлаухан Ғазизұлы Министрiнiң Кеңсесi Өңiрлiк даму
бөлiмiнiң меңгерушiсi
Пепенин - Қазақстан Республикасы Премьер-
Анатолий Сергеевич Министрiнiң Кеңсесi Кадр жұмысы
бөлiмiнiң меңгерушiсi
Ермекбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Қуаныш Ермекбайұлы Министрiнiң Кеңсесi Бақылау және
құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң
меңгерушісі
Шынәлиев - Қазақстан Республикасының Премьер-
Ғазиз Қоршабекұлы Министрі Кеңсесiнің Өндiрiстiк сала
және инфрақұрылым бөлiмi
меңгерушiсінің орынбасары
Шитиков - Қазақстан Республикасының Премьер-
Валерий Геннадьевич Министрi Кеңсесiнiң Бақылау және
құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi
бақылау секторының меңгерушiсi, хатшы
Әкiмбеков - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Назымбек Қыздарбекұлы Кеңсесi Қорғаныс және құқық тәртiбi
бөлiмiнiң меңгерушiсi
Егiмбаева - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Жанна Дачеровна Кеңсесi Заң бөлiмiнiң меңгерушiсi
Камалдинов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Ақылбек Әбсатұлы Кеңсесi Сыртқы байланыстар бөлiмiнiң
меңгерушiсi
Хамзин - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Қазбек Ғизатұлы Кеңсесi Жиынтық талдау бөлiмiнiң сектор
меңгерушісi