Ресей Федерациясының президентi В.В. Путиннiң Қазақстан Республикасына сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 2-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2006 жылғы 10-13 қаңтарда Астана және Алматы (баратын жағдайда) қалаларында Ресей Федерациясының президентi Владимир Владимирович Путиннiң Қазақстан Республикасына сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi 2006 жылғы 10-13 қаңтарда Астана және Алматы (баратын жағдайда) қалаларында Ресей Федерациясының президентi Владимир Владимирович Путиннiң Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы (келiсiм бойынша):
      қосымшаға сәйкес Ресей Федерациясы делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шараларын қабылдасын; 
      2006 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметiн қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Ресей Федерациясының делегациясы мүшелерiнiң әуежайлардағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен және Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, Ресей Федерациясының президентi Владимир Владимирович Путиннiң арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана және Алматы (баратын жағдайда) қалаларының әуежайларына қонуын және олардан ұшып шығуын;
      Астана және Алматы (баратын жағдайда) қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.

      6. Астана және Алматы (баратын жағдайда) қалаларының әкiмдерi Ресей Федерациясының делегациясын қарсы алу және шығарып салу, Астана және Алматы (баратын жағдайда) қалаларының әуежайлары мен көшелерiн безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.

      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана және Алматы (баратын жағдайда) қалаларының  әуежайларында Ресей Федерациясының президентi Владимир Владимирович Путиндi қарсы алу және шығарып салу рәсiмiне қатыссын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан қабылдау кезiнде концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын.

      8. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы  Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы   
Премьер-Министрiнiң    
2006 жылғы 6 қаңтардағы  
N 2-ө өкiмiне      
қосымша      

Ресей Федерациясы делегациясының мүшелерiне
қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. Ресей Федерациясы делегациясының мүшелерiн (1+10) Астана және Алматы (баратын жағдайда) қалаларының қонақүйлерiне орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету, сонымен қатар бiрге жүретiн адамдарды орналастыруға және көлiктiк қызмет көрсетуге жәрдемдесу.
      2. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн ресми делегация мүшелерi орналасқан жерлерге орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Ресей Федерациясы делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Ресей Федерациясының делегациясын Астана және Алматы (баратын жағдайда) қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаевтың атынан Ресей Федерациясының Президентi В. Путиннiң құрметiне Астана қаласында қабылдау ұйымдастыру.
      7. Ресми делегацияның мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады