Халықаралық Аралды құтқару қорының (бұдан әрi - ХАҚҚ) шарттық-құқықтық базасын және ХАҚҚ Атқарушы комитетiнiң қаржы-шаруашылық қызметiн түгендеудi жүргiзу, сондай-ақ ұйымның алдағы қызметi мәселелерiн қарау мақсатында:
1. Мынадай құрамдағы сарапшылардың жұмыс тобы құрылсын:
Кеншiмов - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Әмiрхан Қадырбекұлы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi
төрағасының орынбасары, жетекшi
Бекниязов - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Болат Қабыкенұлы қорғау министрлiгi Стратегиялық
жоспарлау және талдау департаментiнiң
директоры, жетекшiнiң орынбасары
Ғабдыжамалов - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Нұрлан Мұратқазыұлы министрлiгi Тәуелсiз Мемлекеттер
Достастығы iстерi департаментiнiң
екiншi хатшысы, хатшы
Ермекова - Қазақстан Республикасы Экономика және
Несiпбала Әбсағитқызы бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
Салалық органдардың шығыстарын
жоспарлау департаментiнiң директоры
Есiмқұлов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Ерлан Тұрланғазыұлы министрлiгiнiң Мемлекеттiк қарыз алу
және халықаралық қаржылық қатынастар
департаментi халықаралық ынтымақтастық
басқармасының бастығы
Бұхбантаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Жандос Керiмтайұлы министрлiгi Халықаралық құқық
департаментiнiң бөлiм бастығы
Қуатбекова - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Эльвира Қабылқызы министрлiгi Валюта-қаржы
департаментiнiң бөлiм бастығы
Есiмова - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Әсел Қабдылхайырқызы министрлiгi Халықаралық құқық,
мемлекеттiң мүлiктiк құқықтарын қорғау,
шарттар және кiнәрат-талап жұмыстары
департаментiнiң бас маманы
2. Жұмыс тобы 2007 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ХАҚҚ құрылымы мен қызметiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды енгізсiн.
3. Жұмыс тобына белгiленген тәртiппен жұмыс тобының құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың мамандарын тарту, сондай-ақ оған жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпаратты сұрату құқығы берiлсiн.