2006 жылы Алматы қаласында Еуропа үшiн Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымы комиссиясының 45-шi отырысын өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі N 83-ө Өкімі

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң 2006 жылғы 24 - 27 сәуiр кезеңiнде Алматы қаласында Еуропа үшiн Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымы комиссиясының 45-шi отырысын (бұдан әрi - Комиссияның отырысы) өткiзу туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қоса берiлiп отырған Комиссияның отырысын дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекiтiлсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi және Алматы қаласының әкiмi Алматы қаласында Комиссияның отырысын дайындауды және өткiзудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi берген тiзiм бойынша шетел азаматтарына - Комиссия отырысына қатысушылар мен оның ресми тұлғаларына визалық қолдау көрсетсiн және визалар берудi жүргiзсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi қоғамдық тәртiптi сақтауды және делегация мүшелерiнiң әуежайда, болатын, тұратын және iс-шараларды өткiзу орындарында қауiпсiздiгiн, Алматы қаласының халықаралық әуежайында шетел азаматтарын - Комиссия отырысына қатысушыларды тiркеудi қамтамасыз етсiн.

      6. Алматы қаласының әкiмi Алматы қаласының әуежайында Комиссия отырысына қатысушыларды ұйымдастырылған қарсы алуларды және шығарып салуларды өткiзу үшiн жағдайды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын.

      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi Қазақстан Республикасының қолданыстағы кеден заңнамасына сәйкес Комиссия отырысына қатысушыларды жедел кедендiк ресiмдеудi жүргiзсiн.

      8. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi
Комиссияның отырысын дайындау және өткiзу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жария етуді қамтамасыз етсін.

      Премьер-Министр

                                            Қазақстан Республикасы
                                             Премьер-Министрiнiң
                                            2006 жылғы 4 сәуiрдегi
                                               N 83-ө өкiмiмен
                                                   бекiтiлген

       Алматы қаласында Еуропа үшiн Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымы
  комиссиясының 45-шi отырысын дайындау және өткiзу жөнiндегi
               ұйымдастыру комитетiнiң құрамы

Досмұхамбетов            - Қазақстан Республикасының Туризм және
Темiрхан Мыңайдарұлы       спорт министрi, төраға

Жошыбаев                 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Рәпiл Сейiтханұлы          министрiнiң орынбасары, төрағаның
                           орынбасары

              Ұйымдастыру комитетiнiң мүшелерi :

Мұхамеджанов             - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Бауыржан Әлiмұлы           министрi

Мамин                    - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Асқар Ұзақбайұлы           коммуникация министрi

Ертiсбаев                - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Ермұхамет Қабиденұлы       ақпарат министрi

Қошанов                  - Қазақстан Республикасы Көлiк және
Ерлан Жақанұлы             коммуникация министрлiгi Азаматтық
                           авиация комитетiнiң төрағасы

Шәкiров                  - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Асқар Оразалыұлы           Кедендiк бақылау комитетiнiң төрағасы

Қоңырбаев                - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Уәлихан Сиянбекұлы         министрлiгi Консулдық қызмет
                           департаментiнiң директоры

Тасмағамбетов            - Алматы қаласының әкiмi
Иманғали Нұрғалиұлы

Үмбетов                  - Алматы облысының әкiмi
Серiк Әбiкенұлы

Бөкенов                  - Алматы қаласы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары
Қайрат Ахмадиұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады