Әлемдiк және дәстүрлi дiндер лидерлерiнiң съезi Хатшылығының төртiншi отырысын өткiзуге қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 105-ө Өкімі

      2006 жылғы 25 - 26 сәуiрде Астана қаласында Әлемдiк және дәстүрлi дiндер лидерлерi съезiнiң Хатшылығы төртiншi отырысының (бұдан әрi - отырыс) өткiзiлуiне байланысты:
      Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасына:
      1) отырысты өткiзуге 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен, оның iшiнде:
      отырысқа қатысатын делегациялар мүшелерiнiң 2006 жылғы 22 - 29 сәуiр кезеңiнде Астана және Алматы қалаларында қонақ үйде тұруына;
      делегацияның мүшесi - ағылшын шiркеуiнiң епископы Николас Бейнске, епископтың хатшысы Ричард Марк Бейнске Лондон - Майндағы Франкфурт - Астана - Майндағы Франкфурт - Лондон; делегацияның мүшесi - Дүниежүзiлiк шiркеулер кеңесiнiң өкiлi Ханс Укоға Женева - Майндағы Франкфурт - Астана - Майндағы Франкфурт - Женева; делегацияның мүшесi - АҚШ шiркеулерi ұлттық кеңесiнiң халықаралық байланыстар жөнiндегi директоры Шанте Премаварадханға Нью-Йорк - Майндағы Франкфурт - Астана - Майндағы Франкфурт - Нью-Йорк; делегацияның мүшелерi - әл-Азхар жоғарғы имамының аппарат басшысы шейх Мұхаммад Кутб Хедр аш-Шерифке және Ислам iстерi жөнiндегi жоғары кеңестегi вакуфтар министрiнiң кеңесшiсi Мұхаммед Әбделғани Морси Шамеге Каир - Стамбул - Астана - Стамбул - Каир бағыты бойынша көлiктiк шығыстарға;
      делегацияның мүшелерiне Алматы - Астана - Алматы бағыты бойынша чартерлiк рейстерге 16487038 (он алты миллион төрт жүз сексен жетi мың отыз сегiз) теңге сомасында қаражат бөлсiн;
      2) отырысқа қатысатын делегация мүшелерiне белгiленген тәртiппен қажеттi жол жүру құжаттарын ресімдесін.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады